Өткен тәулік ішінде Күнде 20-ға жуық жарқыл тіркелді, оның біреуі соңғы екі аптадағы ең ірісі болды. Үш күн бұрын орташа қарқын тәулігіне 1–2 оқиғаны құраған еді, деп хабарлайды infohub.kz.
Күн астрономиясы зертханасының хабарлауынша, жарқылдар геоәсерлі Күн аймақтары деп аталатын жерлерде тіркелуде, бұл аймақтардан Жерге әсер етуі мүмкін, бірақ әзірге тікелей қауіп төнбеді.
«Ғарыштық ауа райының негізгі факторы — қазіргі уақытта жұлдызда байқалатын үлкен тәждік тесік болып отыр. Осыған байланысты бүгін әлсіз және орташа деңгейдегі магнитті дауылдардың даму ықтималдығы жоғары болып тұр. Геомагниттік индекстер көтерілген, бірақ әлі магнитті дауылдар шегінен төмен. Жарқылдар санының артуы жалғасады деп күтілуде. Бір-екі күн ішінде X деңгейіндегі оқиғалар болуы мүмкін», — деді астрономдар.
Белсенділіктің артуы әзірге жергілікті сипатта, ол оқшау ірі күн дақтары тобының кездейсоқ пайда болуымен байланысты (каталогта оған 4493 нөмірі берілген). Қазіргі таңда күн белсенділігінің ғаламдық деңгейі төмен деп бағалануда.
Астрофизиктердің болжамынша, 23 шілдеде таңертең геомагниттік белсенділік деңгейі G1 белгісіне жетеді. Бұл бес балдық шкала бойынша ең төменгі деңгей, магнитосферадағы әлсіз тербелістерді білдіреді.
Бұған дейін 3 және 4 шілдеде болған күшті магнитті дауыл туралы хабарланған болатын.


