Тақырыбы: Күнбағыс панносы
Мақсаты: Оқушыларға «Күнбағыс» панносын жасауды үйрету. Танымдық қабілеттерін, қол икемін дамыту. Эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік
Көрнекілігі: дайын панно. Оқушыларға керекті құрал-жабдықтар: сары, жасыл, ашық жасыл және қара түсті тоқыма жібі, қатырма қағаз, ПВА желімі, қайшы, қарындаш.
Барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.
II. Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
III. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі. а) мұғалімнің түсіндірмесі.
Күнбағыс – ірі жапырақты, сары гүлді, дәні майлы өсімдік. Одан өсімдік майын, шекілдеуік алады. Күнбағысты көз алдымызға елестете отырып, өз бетімізше жасап көрейік. Сергіту сәті
IV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.
1. Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту. 2. Сұрақ - жауап.
3. Практикалық жұмыс.
Жұмыстың орындалу реті:
1. Қатырма қағаздың дәл ортасына қарындашпен күнбағыстың суретін саламыз.
2. Күнбағыстың дәнін жасау үшін қатырма қағазға аздап желім жағып, қара түсті тоқыма жібін айналдыра отырып желімдейміз.
3. Тоқыма жіптің сары түсімен күнбағыстың гүл күлтелерін желімдейміз.
4. Күнбағыстың сабағын жасау үшін жасыл түсті үш тоқыма жіпті өріп алып, қатырма қағазға жапсырамыз.
5. Жапырақтарына ашық жасыл түсті тоқыма жібін таңдап, оны да желімдейміз.
Жұмыс барысында техника қауіпсіздігін сақтау.
V. Бекіту кезеңі. Қорытындылау. Бүгінгі сабақта не үйрендік? Күнбағыс қай жерлерде өседі? Одан қандай шикізаттар алынады?
VI. Бағалау. Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.
Күнбағыс панносы
Тақырыбы: Күнбағыс панносы
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз932 қаралым
#күнбағыс панносы#қол икемін дамыту
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

