МатематикаКүрделі функциялар. Кері функциялар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі10.1 A Функция, қасиеттері және графигі Мектеп: М.Мәметова атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен » КММ Күні: 20.09.2019Пән мұғалімі:Тексерілді: Сынып...
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз1015 қаралым
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі10.1 A Функция, қасиеттері және графигі | Мектеп: М.Мәметова атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен » КММ |
Күні: 20.09.2019 | Пән мұғалімі: | Тексерілді: |
Сынып: 10 | Қатысқан оқушы саны: | Қатыспаған оқушы саны: |
Сабақ тақырыбы №12 | Күрделі функциялар. Кері функциялар |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 10.5.1.7 f(g(x)) күрделі функциясын ажырата білу және функциялар композициясын құрастыру; |
Сабақтың мақсаты | БО: - Функция графигі бойынша оның қасиеттерін сипаттайды КО: - Берілген функция графигіне түрлендірулер орындайды ІО: - Бөлшек-сызықтық функцияның асимптоталарын анықтап, графигін салады |
Жетістік критерийлері | Жетістік критерийлері - күрделі функция ұғымын түсінеді
- күрделі функцияны табудың алгоритмін біледі;
- берілген 2 функция бойынша функциялар композициясынқұрастыра алады.
- күрделі функцияның мәнін графиктік және аналитикалық тәсілдермен табады;
қолданбалы есептерді күрделі функция бойынша шығарады. |
Тілдікмақсат | Оқытудың тілдік мақсаты Оқушылар - берілген график бойынша функцияның қасиеттерін сипаттайды;
- берілген функцияға кері функция табу алгоритмін түсіндіреді;
- функциялар композициясын табуды түсіндіріп айта алады;
функция графигін түрлендіру қалай орындалатынын түсіндіреді Пәнге тән лексика мен терминология: - кері функция;
- күрделі функция;
- функцияның бірсарындылығы;
- функцияның шенелгендігі;
- функция периодтылығы;
- функция периоды;
- функцияның жұп тақтылығы;
- функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндері;
- функция графигін түрлендіру;
-функцияның үзіліссіздігі. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер - бөлшек-сызықты функцияның графигін/ берілген функцияның графигін салу үшін...түрлендірулер орындалады;
- берілген функцияға кері функция табу үшін … керек;
- берілген күрделі функция...функцияларынан құралған;
- егер...шартын қанағаттандыратындай М оң саны бар болса,онда функция шенелгендеп аталады;
- егер функция қандай да бір аралықтаөсетін (кемитін) болса, онда ол осы аралықта... деп аталады;
- егер...болса, функция жұп деп аталады;
- егер ... болса, функция тақ деп аталады;
- жұп (тақ) функцияның графигі... симметриялы;
- жұп (тақ) функцияның графигін салу үшін ... керек;
егер ... болса,функция периодты деп аталады. |
Құндылықтарды дарыту | Құндылықтарды дарыту топпен, жұппен жұмыс жасау арқылы жүзеге асады. Сыныптағы құрдастарының ойын тыңдау, қадірлеу. «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясы: Отанымыздың игілігі үшін өмір бойы білім алуға баулу, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі тануға, сыни ойлауды дамытуға және білім берудегі үш тілдік саясатты іске асыруға бағытталады.Сабақтың адамгершілік аспектісі мыналарды қамтиды: оқуға деген жауапкершілікті сезіну; басқаларға құрметпен қарау
|
Сабақтың толық нұсқасын жүктеу
#қысқа мерзімді жоспар#математика қмж#күрделі функциялар#кері функциялар