- 28 мам. 2024 14:00
- 814
Күзгі бал - Таныстыру - Өлең - тақпақтар
Күзгі балға таныстыру
Сәлемдесу және таныстыру:
Сәлем берем, сәлем беру салтымыз,
Сәлемменен сөз бастаған халқымыз.
Аман – есен жүрмісіздер жалпыңыз,
Армысыздар, жиылған жұрт халқымыз.
Бектас туралы:
Бектас тұр жанымда жарқыраған,
Жүрегі ақ көңіл аңқылдаған.
Армандап талай жандар бір көруге,
Аңсау менен түндерді таңды атырған.
Өнер көрсету және мақсат:
Ортаға қол ұстасып біз шығайық,
Өмірдің шапағатын біз құрайық.
Көрсетіп өнерлерді барша жұртқа,
Иемденіп бас жүлдені біз алайық.
Сайысқа дайындық:
Бүгін міне сайысқа қатыспақпын,
Шыққандаймын өте бір қиын жолға.
Таныстырып өзімді сөз сөйлейін,
Аруақ ата-бабам жар боп қолда!
Өзін-өзі таныстыру:
Сұрасаң есімімді, айтам-Райгүл,
Тумады Бесқарағайда Райгүлдей гүл.
Сұрасаң руымды, айтам, аты-уақ,
Досым көп, дұшпаным да аз емес бірақ.
Отбасы туралы:
........... деген асқар таудай әкем бар,
........... деген ақ бұлақтай шешем бар.
Әкем - тұлпар,
Шешем - сұңқар.
Көп сөйлеп кідірмейін, тоқтамайын,
Жеті атама енді мен тоқталайын...
Жеті ата:
(жеті атаңызды атайсыз)
Сайысқа қатысу:
Шығыпсыңдар сайысқа
Сұлу қыздар, арулар.
Мен жетемін табысқа,
Жүлде аламын бауырлар!
Ұстаздар мен достарға:
Армысыздар ұлағатты ұстаздар,
Бармысыздар жігерлі дос құрбылар.
Қарсыласым сәлем бердім бәріңе,
Бас иемін сәлем беріп иіле!
Тектілік пен ұлылық:
Тектіліктен жаралған қазағымның,
Ерекше дара туған қыздарыңмын.
Шуақ шашқан көктемнің шуағындай,
Арайлым атты кішкентай қыздарыңмын.
Отбасылық байланыс:
Жүріп келем өзін салған ізбенен,
Жақын болар әкесіне қыз деген.
Орта жүздің Таз атты руынан,
Асқар таудай әкем бар Сәтжан деген.
Әділқазыларға:
Әділқазы алқалары бүгінгі,
Әр аруды бағалай біл өнерлі.
Қарсыласым баршаңызға сәттілік,
Достық деген арттырайық ұғымды.
Өнер сайысы:
«Қыз аруы» атты мына сайыста,
Қарсыласым шаба білген майыспа.
Өнердің өрлетейік өр кемесін,
Мына жұрт таңырқамай кетпесін.
-
Әдістемелік ұсыныстар 2-сынып білім алушыларына «Дүниетану» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Бұл ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4 сыныптары) «Дүниетану» пәні бойынша оқу бағдарламасы және оқу жоспарының негізінде дайындалған.