Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Квадрат теңдеудің түбірлерінің формулалары тақырыбына есептер шығару
Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеудің түбірлерінің формулалары тақырыбына есептер шығару.
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп жинақтау, жүйелеу.
2. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеттерімен дағдыларын жетілдіру.
Белсенділіктерін арттыру, сабаққа қызығушылықты қалыптастыру, ұзақ есте сақтауына дағдыландыру.
3. Тәрбиелілік: Оқуға, саналы сезімге, жауапкершілікке, өз бетімен еңбектенуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қайталау - толықтыру.
Сабақтың типі: жүйелеу сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, формулалар, тест.
Сабақтың барысы: І. ұйымдастыру (топқа бөлу)

Білімге жетілмейтін үш жол бар:
Еліктеу жолы – ең жеңіл жол,
Ойлау жолы – ең игілікті жол,
Тәжірибе жолы – ең қиын алыс жол.

Конфуций
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Сабақтың жүру жоспары.
1. Ой қозғау
2. Қайталау – оқу анасы
3. Кім жылдам? (Топтық есеп)
4. «Білімдіге биіктегі орын» (Сандық мақал - мәтел)
5. Өзіндік жұмыс
6. Ребус, сөзжұмбақ
7. Бағалау
8. Үйге тапсырма
Квадрат теңдеу

1. Толық квадрат теңдеу.
2. Толымсыз квадрат теңдеу.
3. келтірілген квадрат теңдеу.
4. бөлшек – рационал теңдеу.
5. Би квадрат теңдеу.
Қайталау - оқу анасы.

1. Қандай теңдеу квадрат теңдеу деп аталады?
2. Квадрат теңдеудің неше түрі бар?
3. Квадрат теңдеудегі а, в, с – сандары қалай аталады.
4. Келтірілген квадрат теңеу дегеніміз не?
5. Толымсыз квадрат теңдеу дегеніміз не?
6. Д>0, Д=0, Д<0 болғанда="" неше="" түбірі="">
7. Квадрат теңдеуді шешіп, шыққан мәніне байланысты мақал – мәтел айт.
х2 - 10 х+24 =0

1. Квадрат теңдеудің формасын жаз.
2. Дискриминантты қандай әріппен белгілейміз, формуласын жаз.
3. Квадрат теңдеудің түбірлерінің формуласын жаз.
4. Келтірілген квадрат теңдеудің формуласын жаз.
5. Толымсыз квадрат теңдеудің формуласын жаз.
6. Квадрат теңдеудің коэффицентін ата:
а, в, с

1) х2 + х =0
2) 3х2=2
3) – 2х2+3х - 5=5х
4)– 7х+х2=0
5) 8 - х2 =5х
6)– х2 - 3х+3=0

Теңдеудің түрін және коэффиценттерін ата

1 3х2 - 8х - 3=0
2 х2+2х - 9=0
3 2х2+6х=0
4 7х2=0
5 х2 - 16=0

Мына теңдеулер қандай теңдеулер?

1) ах2+вх=0
2) ах2+с=0
3) ах2=0
4) х2+рх+q=0
5) ах2+вх+с=0
Кім жылдам?

І топ
1) 2х2 - 2х - 35=0
2) 2х2+4х+3=0

ІІ топ
1) х2 - 3х+7=0
2) х2+10х - 11=0

Тест есептері
1. Жалпы квадрат теңдеудің формуласы.
А) х2+Рх+q=0 Б) ах2+вх+с=0 С) ах2+с=0
2) Квадрат теңдеудің коэффиценттерін ата.
х2+6х - 7=0
А) а=0, в=0, c=- 7
Б) a=l, в=6, c=- 7
С) a=l, в=0, c=1
3. теңдеуді ах2+вх+с=0 түбірінде жазыңдар
х(2х - 3)=5 - 4х
А) 2х2 - 7х - 5=0
Б) 2х2 - 2х+5=0
С) 2х2+х - 5=0
4. теңдеуді шеш. 7х2 - 21х=0
А) 0: 7
Б) 0: 2
С) 0: 3
5. Теңдеуді шешіп сандық мақал - мәтел айту.
1) х2 - 70х - 1500=0
2) х2 - 1001х+100=0

«Білімдіге биіктегі орын» (Сандық мақал - мәтел)
1. х2 - 8х+7=0
2. х2 - 11х+10=0
3. х2 - 9х+8=0

Өзіндік жұмыс. Жауаптарын тап

№ Теңдеулер Жауаптар
1 2х2 - 8х - 10=0
2; 1, 6

2 - 2х2+6х+16=0
5;- l
3 5х2 - 18х - 16=0
- 2; 8

Өзін - өзі бағалау парағы.

№ Сабақтың кезеңі
Баға
1 Үй тапсырмасы
2 Ауызша сұрақтар
3 Деңгейлік тапсырмалар
4 Тест
5 Логикалық тапсырма
6 Практикалық жұмыс
7 Қортынды баға

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама