Алгебра 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеулер
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп жинақтау, жүйелеу, толықтыру.
2.Оқушылардың танымдық ізденістерін логикалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып, ой-өрістерін кеңейтуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіндіқ жасау.
3. Ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, дәлдікке, шапшаңдыққа және өзін-өзі басқаруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Білімдерін жинақтау, жүйелеу, қайталау-толықтыру.
Сабақтың әдісі: Қайталау, деңгейлеп саралап оқыту.
Сабақтың көрнекілігі:Карточкалар, интерактивті тақта, слайд.
Сабақтың жүру барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі: оқушыларды түгендеу, сабаққа назарын аудару,
Сабақтың мақсатымен таныстыру.Сынып оқушыларын 2 топқа бөлу.
II. Біліктілік бөлімі. «Ой қозғау» Тарау бойынша теориялық сұрақтар.
• Қандай теңдеуді квадрат теңдеу деп атайды?
• Толымсыз квадрат теңдеудің анықтамасы.
• Келтірілген квадрат теңдеу дегеніміз не?
• Квадрат теңдеудің қанша түбірі болатынын қалай анықтауға болады?
• Квадрат теңдеуінің түбірлерінің формуласы.
• Виет теоремасы қалай айтылады?
Ауызша жаттығу. Слайд . 1)х2+2х+2=0. 2)11х2 - 49=0. 3)2х –х2=0.
4)5+3х+х2=0. 5)3х2=0. 6)х-6+2х2=0
1) Мына теңдеулердің ішінен келтірілген квадрат теңдеуді ата.
2)2-ші коэффициенті 2-ге тең болатын теңдеуді ата.
3) Толымсыз квадрат теңдеуді ата.
4)6-ші теңдеуді келтірілген квадрат теңдеуге келтір.
III.Қызығушылықты ояту. 1)2 топқа да карточка таратылады.
2)Жеке оқушымен жұмыс (нашар оқушылар).
Слайд .1)Теңдеуді ах2+вх+с=0 теңдеуіне келтіріп, а, в, с-ның мәндерін анықтаңдар:
1-топ. (х+4)2-6х2=х(х-7). 2-топ.25-(2х+3)2=х(4-5х)
2) х-тің қандай мәндерінде 2х2+4х-1 және 2-3х-4х2 көпмүшелерінің мәндері тең болады? (13+25х-х2 және 4х2+2х+3)
3)Теңдеудің түбірлері х1 және х2 болатын квадрат теңдеуді құрыңдар:
1-топ. Х1=-7. Х2=2,5
2- топ. Х1=-8 х2=1,3.
IV. Біліміңді сынап көр. Деңгейлік тапсырмалар . Слайд.
I деңгей.
• Теңдеуді шешіңдер: 1-топ. х-7/х =6. 2-топ. х-3= 18/х.
II деңгей.
• Жаңа айнымалы енгізу әдісін қолданып, теңдеуді шешіңдер:
1-топ.(2х-7)2 – 11(2х -7) + 30 =0.
2- топ. (6х+1)2+2(6х+1)-24 =0
III деңгей
• п-нің қандай мәндерінде 1)х2+пх+6=0 2)х2+пх+11=0
теңдеуінің бір ғана түбірі болады?
V.Шығармашылық жұмыс.Топ басшыларымен жұмыс.
Квадрат теңдеудің шешудің кейбір тиімді қасиеттері.
1)Квадрат теңдеудің коэффициентінің қасиеттері
2)Коэффициенттердің қасиеттерін 3-ші, 4-ші дәрежелі теңдеуге қолдану тәсілі
3)«Асыра лақтыру әдісі»
4)Тарихи мағлұматтар.
VI. Қорытындылау. Тапсырма тақтада тұрады, «Асtiv ben» (қалам) арқылы теңдеулерге белгі қояды. 1) түбірлерінің таңбалары
а) бірдей; ә)қарама-қарсы болатын теңдеуді көрсет
х2+5х+4=0, 2х2+5х+2=0 бірдей ;
5х2-х-4=0 қарама-қарсы.
VII.Оқушыларды бағалау. Бағалау парағы . Үйге тапсырма беру.
Атырау облысы,
Құрманғазы ауданы
Бауыржан Бегалиев мектебі
Математика пән мұғалімі
Казиева Танзиля Аққайырқызы
Квадрат теңдеулер
Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеулер
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз481 қаралым
#квадрат теңдеулер#күнделікті сабақ жоспары#алгебра 8 сынып
Ұсынылады
Қазақстанда Аналар күні аталып өтті: Ананың рөлі мен мемлекеттік қолдау
Қазақстанда Аналар күнін атап өту аясында аналарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары мен ананың қоғамдағы рөлі туралы статистикалық мәліметтер жарияланды.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 10 мамыр
85 жастағы Қарағанды тұрғыны арнайы білімі болмаса да, күрделі математикалық есептерді шешеді
Ермекбай Жолдыбеков есімді қария натурал сандарды қосудың өзіндік әдісін ойлап тауып, ғылыми жарияланымдарда жарық көрген.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 5 наурыз
Математика – халық ауыз әдебиетінде
Математика – халық ауыз әдебиетінде
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

