Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Квадрат теңдеулерді шешу
Квадрат теңдеулерді шешу.
8-сынып алгебра
Сабақтың мақсаты.:
1.Білімділік: квадрат теңдеулерді шешудің жолдарын, әдіс-тәсілдерін меңгерту.
2.Дамытушылық:өз бетімен ойлау қабілеттерін арттыру,әр оқушының білім деңгейлерін ескере отырып,тақырыпты қайталау.
3.Тәрбиелік:Математика пәнінің нақтылығына көз жеткізу,оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру,математикалық мәдениетке тәрбиелеу.Жүйелі түрде жұмыс істеуге ,өз ойын тиянақты жеткізе білуге үйрету.

4.Практикалық:Алған білімдерін өмірлік практикада пайдалана білуге машықтау.
Сабақтың түрі:білімдерін жинақтау,жүйелеу,қорытындылау сабағы.
Сабақтың типі: практикалық сабақ.
Көрнекілігі:сызбалар, деңгейлік тапсырмалар жазылған үлестірме қағаздар.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
а) Сұрақтар арқылы өтілген материалды қайталау:
1.Квадрат теңдеулердің түбірлерін табатын формуланы жаз.
2.Толымсыз квдрат теңдеулердің түбірлерінің формуласы қандай?
3.Келтірілген квадрат теңдеулердің түбірлерінің формулаларын жаз.
4. Виет теоремасын жаз.

5. Түбірі бірден аспайтын квадрат теңдеудің мысалын келтір.
6. Қандай жағдайда квадрат теңдеудің түбірлері болмайды? Мағынасын түсіндір.
7. Түбірі болмайтын толымсыз квадрат теңдеуге мысал келтір.
8. Квадрат теңдеудің коэффтциенттерінің қосындысы 1-ге тең болғандағы түбірлерінің формуласы қандай?
9. Квадрат теңдеудегі а+с=в болғанда түбірлерінің формулалары қандай?
10. Квадрат теңдеуді графиктік тәсілмен шешудің мысалын келтір.
ә)Тақтаға 4 оқушы шығып, теңдеулерді әртүрлі тәсілдермен шығарып, нәтижесін Виет теоремасымен тексереді:
а) 3х2-5х-2=0
ә)х2-9х+14=0
б)7х2+2х-9=0
в) 4х2+7х+3=0
Оқушыларға теңдеулерді шығарудың әртүрлі тәсілдерін үйрету өте маңызды, өйткені ҰБТ-ге дайындалғанда квадрат теңдеуді шешудің ең тиімді тәсілдерін қолдану арқылы оқушылар уақыттарын тиімді пайдалана алады.
3. Жаттығу есептерін шығару.(үлестірме қағаздар)
1 деңгей.
а) теңдеуді формуланың көмегімен шеш:
2х2+5х-12=0
1,2х2-0,3=0
2,3х2=0
ә) түбірлері х1=0,9 және х2=- 11 болатын ах2+вх+с=0 түріндегі теңдеуді жаз.
2 деңгей.
а) теңдеуді ах2+вх+с=0 түріне келтіріп, түбірлерін тап:(4х+3)(5-х)-х2=8х+19
ә)Виет теоремасының көмегімен шеш: -х2-7х+8=0
9х2-24х+16=0
3 деңгей.
а) теңдеуді шығармай-ақ түбірлерінің таңбасын тап: х2+9х-22=0
2х2 +5х =-2
ә) коэффициенттерінің қосындысы 0-ге тең болғанда түбірлерін анықтайтын формуланың көмегімен шеш: х2+4х-5=0
б) х12+х12=13,мұндағы х1 және х2 сандары х2+ах+6=0 теңдеуінің түбірлері. а-ның мәнін табыңдар.
3.Кітаппен жұмыс № 163, №168, №170.
4. Сабақты қортындылау.
5. Үйге тапсырма № 164, №166,қосымша №172

Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы
Шаховское орта мектебі
математика мұғалімі
Касенова Мәриям Нұржанқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама