Алгебра факултатив сабақ 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Квадраттық функция және оның графигі
Сабақтың мақсаты: Квадраттық функцияның y= ax2+n y= a(x - m) 2 дербес түрлерін қайталау және белгілі графиктердің көмегімен квадраттық фунцияның графиктерін салудағы оқушылардың білімдерін бекіту.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін, коммуникативтік, ақпараттық қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды алғырлыққа, тиянақтылыққа баулып, өзінің және жолдастарының ісін қадағалап, бағалай білуге, жауапкершілікпен қарауға, жеке тұлғалық қасиеттерді бойына сіңіруге тәрбиелеу.
Сабақ әдісі: Психологиялық ахуал тудыру, мини - диалог, сұрақ - жауап, графикалық кестемен жұмыс, ізденіс, тест, есептер шығару.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, слайд, плакаттар, таратпа материалдар, тестік тапсырмалар, кестелер, үлестірмелі карточкалар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлемдесу;
- Оқушыларды түгендеу;
Ұйымдастыру сәті
Бүгінгі сабақтың тәртібі:
Мұғалімді тыңдаймыз,
Бір - бірімізді сыйлаймыз,
Саспай, асықпай,
Әр сұраққа, қателеспей,
Шуылдамай, қол көтере отырып,
Жауап беруге тырысамыз - деп, мұғалім оқушылардың назарын сабаққа аударады және көңіл - күйлерін бір ортаға тоғыстырады.
Психологиялық ахуал тудыру: “Көңіл күйді анықтау”, “Бүгінгі сабаққа не тілейік?”
Білімді тиянақтау кезеңі (Теориялық материалды қайталап, пысықтау).
І. «Қызығушылықты ояту»
• Мен білемін
• квадраттық функцияның кему аралығын табуды
• квадраттық функцияның симметрия осін табуды
• графиктерді түрлендіруді
• функциялар графиктерінің қиылысу нүктелерін табуды
• график бойынша функцияның қасиеттерін
• квадраттық функцияның тармақтарының бағытын анықтауды
енді теориялық материалды қайталау
1Квадраттық функцияның графигі қандай қисық?
Квадраттық функцияның графигі - парабола
2. а>0 болғанда, парабола тармақтары қалай бағытталады?
а>0 болғанда, парабола тармақтары жоғары бағытталады
3. а0 болғанда, парабола абсцисса осімен екі нүктеде қиылысады
5. D=0 болғанда, параболаның абсцисса осімен орналасуы туралы не айтуға болады?
D=0 болғанда, парабола абсцисса осімен бір нүктеде қиылысады
6. D0 болғанда, функция графигі (-∞; х0) кемиді, (х0;∞) өседі
8. а<0 болғанда,="" функция="" графигі="" (-∞;="" х0)="" және="" (х0;="" ∞)="" аралығында="" қалай="">0>
а<0 болғанда,="" функция="" графигі="" (-∞;="" х0)="" өседі,="" (х0;∞)="">0>
9. Парабола төбесінің абсциссасының формуласы?
Парабола төбесінің абсциссасының формуласы
Квадраттық функция және оның графигі жүктеу
Квадраттық функция және оның графигі
Алгебра факултатив сабақ 8 сынып
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз720 қаралым
#алгебрадан сабақ жоспары#квадраттық функция және оның графигі#квадраттық фунцияның графиктерін салу
Ұсынылады
Қазақстанда Аналар күні аталып өтті: Ананың рөлі мен мемлекеттік қолдау
Қазақстанда Аналар күнін атап өту аясында аналарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары мен ананың қоғамдағы рөлі туралы статистикалық мәліметтер жарияланды.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 10 мамыр
85 жастағы Қарағанды тұрғыны арнайы білімі болмаса да, күрделі математикалық есептерді шешеді
Ермекбай Жолдыбеков есімді қария натурал сандарды қосудың өзіндік әдісін ойлап тауып, ғылыми жарияланымдарда жарық көрген.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 5 наурыз
Математика – халық ауыз әдебиетінде
Математика – халық ауыз әдебиетінде
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

