Петропавлдың «Қызылжары» өз алаңындағы «Қарасай» стадионында Қазақстан Премьер-лигасының 18-туры аясында Қостанайдың «Тобылымен» тең ойнады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Есепті 31-минутта Қазақстан құрамасы мен «Тобылдың» шабуылшысы Александр Зуев ашты, оған Даурен Жұмат ассистенттік жасады. Одан он минут өткен соң алаң иелерінің албаниялық шабуылшысы Лиридон Латифи есепті теңестірді.
Екінші таймда гол болмады, алайда 88-минутта «Қызылжар» аз қалды: серб жартылай қорғаушысы Неделько Писчевич қызыл қағаз алды.
18 турдан кейін «Тобыл» 19 ұпаймен турнир кестесінде тоғызыншы орында, ал «Қызылжар» 16 ұпаймен 15-ші сатыда тұр.


