Қазақстандық тұрғын үй компаниясы Шымкентте салынып жатқан тұрғын үй кешендерінде «Орда аймақ» және «Орда аймақ Плюс» ипотекалық бағдарламалары бойынша пәтер сатуды бастады. Үлескерлерге құрылыстың аяқталуына кепілдік берілген тұрғын үй, бастапқы жарна 20%-дан және 10,9%-дан бастап мөлшерлеме ұсынылады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

«Байтерек» холдингінің еншілес құрылымы хабарлағандай, салынып жатқан тұрғын үйді сатып алу шартта бекітілген шаршы метр құнын тіркеуге және қаржыландырудың қолайлы шарттарын таңдауға мүмкіндік береді. Компанияның кепілдігі үлескерлерді қорғап, нысанның құрылысын белгіленген мерзімде аяқтауды қамтамасыз етеді.

«Орда аймақ» және «Орда аймақ Плюс» бағдарламаларының шарттары бойынша бастапқы жарна 20%-дан, қарыз сомасы 2 млн-нан 75 млн теңгеге дейін, кредит мерзімі 24-тен 240 айға дейін (20 жылға дейін), сыйақы мөлшерлемесі 10,9%-дан, сондай-ақ жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) 11,7%-дан 19,9%-ға дейін.

«Кредиттің нақты шарттары қарыз параметрлеріне, соның ішінде бастапқы жарна мөлшері мен кредит мерзіміне байланысты», — деп атап өтті ҚТК-да.

Пәтерді ҚТК кепілдігі бар және тиісті тұрғын үй бағдарламаларына қатысатын Шымкенттің салынып жатқан тұрғын үй кешендерінен сатып алуға болады.

Ипотека Шымкенттің мына тұрғын үй кешендерінде қолжетімді: МЖК Otbasy, МЖК Pioneer City, МЖК Shattyq city, МЖК Жанұя, МЖК Клубный городок KAINAR VILLAGE, МЖК 4 Seasons-3, МЖК SHYRAI Residence, МЖК Big tulpar, МЖК Panorama.

Бұған дейін «Курсив» «Ұмай» әйелдер ипотекасы «Отбасы банкі» Азия даму банкімен бірлесіп жалпы сомасы 90 млрд теңгеге жүзеге асырылып жатқанын жазған. Бағдарламаға соңғы алты айда ресми табысы және зейнетақы аударымдары бар жұмыс істейтін қазақстандық әйелдер қатыса алады. Қарыздың ең жоғары сомасы 50 млн теңгеге дейін, ал кредитті алты айдан 25 жылға дейінгі мерзімге рәсімдеуге болады.