Танымал американдық баскетболшы ЛеБрон Джеймс «Филадельфия Севенти Сиксерс» сапына қосылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды infohub.kz.

41 жастағы шабуылшы өткен маусым аяқталған соң мансабын аяқтауға дайын болғанын, бірақ әлі де баскетболды жақсы көретінін мойындады. «Соңғы бірнеше апта өте ерекше болды. Бұрын ешқашан не істерімді білмей, жай ғана ойлануға уақыт бөле алмаппын. Осы бірнеше айда мен жақсы көретін адамдарымның қасында болып, бәрін түсінуге тырыстым. Енді шешім қабылданды. Мен ақша қуып жүрген жоқпын. Мұны отбасым үшін істеп жатқан жоқпын. Ендеше, қазіргі кезеңде неге ойнаймын? Мен әлі де құрбандыққа баруға дайынмын. Әлі де тер төгіп, еңбектенгім келеді. Әлі де бәсекеге түсіп, жеңіп, тағы бір чемпиондықтың дәмін татуға мүмкіндік алғым келеді. Мен «Филадельфияны» чемпиондық командаға айналдыруға көмектесе аламын деп сенемін. Жаңа жанкүйерлерді шабыттандырып, соңғы рет керемет сапарды бастауға қуаныштымын», — деп жазды Джеймс.

ЛеБрон сондай-ақ өзінің бұрынғы командаларына — «Лос-Анджелес Лейкерс», «Кливленд Кавальерс» және «Майами Хит»-ке алғыс білдірді. Спортшының мүддесін білдіретін агент Рич Пол ESPN-ге 8 млн долларға екі жылдық келісімшарт жасалғанын хабарлады.

Джеймс — төрт дүркін НБА чемпионы және төрт дүркін лиганың ең құнды ойыншысы. Оған НБА-да жинаған ұпайлар (43 440), өткізілген маусымдар (23) және ойындар (1917) бойынша рекордтар тиесілі. АҚШ құрамасының сапында ол үш рет Олимпиада чемпионы атанды және бір рет қола жүлде алды.