Литва ресейлік және беларусьтік өнер қайраткерлерінің елге кіріп, көпшілік алдында өнер көрсетуі үшін соғысқа қарсы декларацияға міндетті түрде қол қоюын қарастыруда, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Deutsche Welle басылымының мәліметінше, Литва Сыртқы істер министрлігі Ресей мен Беларусьтен келген мәдениет қайраткерлеріне Украинадағы соғысты айыптайтын құжатқа қол қоюды міндеттеуді ұсынған. «Бұл декларация жарияланады. Осы келісімге қол қоюдан бас тартқан жағдайда, сіз елге кіру мүмкіндігінен айырыласыз»,— деді ведомствода.
СІМ 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап түзетулер енгізуді ұсынып отыр. Олар сондай-ақ соғысты тікелей немесе жанама түрде қолдаған немесе оған қатысқандарға, сондай-ақ «Украинаның басып алынған аумақтарында» қоғамдық қызмет атқарғандарға Литваға кіруге тыйым салуды қамтиды.
Сонымен қатар, елдің Сыртқы істер министрлігі Литвада тұруға рұқсаты бар ресейліктер мен беларусьтіктерге ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін маңызды объектілердің немесе әскери полигондардың жанынан жылжымайтын мүлік сатып алуға тыйым салуды ұсынады.


