«Папины дочки» сериалынан танымал ресейлік актриса Лиза Арзамасова Қазақстанға гастрольмен келіп, ел тұрғындарына жылы қабылдау үшін алғыс айтты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Ол актер Игорь Лифановпен бірге қыркүйек айының соңында Қарағанды, Павлодар және Астанада «Ночь ее откровений» қойылымын ұсынды. Актриса Instagram парақшасында қазақстандық көрермендерге арнап былай деп жазды: «Бұл тамаша күн болды! Қазақстандағы қымбатты көрермендерімізге осындай жылы лебіз бен жылы қарсы алу үшін рақмет! Түстеріңіз тыныш болсын, ал маған үйге, күйеуіме апарар жол жеңіл болсын деп тілеңіздер. Барлығыңызға міндетті түрде — Сенім, Үміт және Махаббат тілеймін».
Қазақстандық көрермендер бұл жазбаға көптеген жылы пікірлер жаудырды. «Керемет қойылым болды. Рахмет!», «Біз сіздің спектакліңізде болдық, бұл жай ғана таңырқау, тәнті болу. Игорь Романовичпен бірге қандай кереметсіздер. Бұл ғажап болды!», «Спектакліңізде болдық! Эмоция, күлкі, сәл мұң және шексіз мейірім үшін көп рахмет. Қатты ұнады, тағы келіңіздер», «Павлодарға келгендеріңізге рахмет», «Қарағандыдағы спектакль үшін рахмет. Бұл феерия болды! Сіз Игорь екеуіңіз қаншама эмоция сыйлап, ойыныңызбен ең жақсы естеліктер қалдырдыңыз», «Астанадан махаббатпен!» — деп жазды желіде.


