Астанада өткен Digital Bridge форумында Kaspi.kz басшысы әрі тең құрылтайшысы Михаил Ломтадзе премьер-министрге жеке жасанды интеллект көмекшісі Kasper клиенттің нақты сұранысына сай тауарларды қалай таңдайтынын көрсетті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Көрсетілім қарапайым сөйлемнен басталды: «Мен денсаулық көрсеткіштерімді бақылағым келеді». Kasper мәселені шешудің нұсқаларын ұсынып, содан кейін диалог барысында үздік смарт-сақина модельдерін салыстыруға, iPhone-мен үйлесімділігін ескеруге және өлшемін анықтауға көмектесті.
«Әлемде жасанды интеллектті клиенттер үшін пайдалы әрекетке айналдырған мысалдар өте аз. Біз бұл технологияны тәжірибеде қолдануға ұмтыламыз. Қазақстанда күнделікті қолданылатын суперқосымша бар — ол басқа жерде дерлік кездеспейтін бірегей өнім. Енді біздің міндетіміз — күнделікті жеке көмекші жасау», — деді Михаил Ломтадзе.
Оның айтуынша, Kasper — Қазақстанда жасалған Kaspi.kz-тің өз әзірлемесі. Сервис клиенттің қалауын ескереді, пікірлерді талдайды, сипаттамаларды салыстырады және күрделі терминдерді қарапайым сөздермен түсіндіреді. Онымен қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде сөйлесуге болады.
Kasper іске қосылғаннан бері оны миллион адам пайдаланды. Михаил Ломтадзенің айтуынша, ең бастысы — қолданушылардың қайта оралуы: ол сервис сапасының негізгі өлшемі деп осыны санайды.
Банк қызметі Қазақстан Республикасында лицензияланады.


