Беларусь президенті Александр Лукашенко Украинадағы соғыс үшін жауапкершілікті тек Владимир Зеленскийге артуға болмайды деп санайды. Оның пікірінше, кінәнің бір бөлігі тәжірибесіз басшыны сайлаған украин халқында да бар. Бұл туралы Беларусь мемлекетінің басшысы француздың Le Point журналына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды infohub.kz сайты БелТА агенттігіне сілтеме жасап.

«Ол жас саясаткер, көп қателік жасады. Барлығына тек ол кінәлі емес. Оның соғысқа әкеп соқтырған „демократиясы“ бар. Оның қолында (ел басшысына қажет — ред.) билік жоқ. Барлығына тек ол кінәлі емес», — деді Александр Лукашенко Владимир Зеленский туралы.

Беларусь президентінің пікірінше, Украинадағы президенттік қызметке басқа үміткерді таңдау керек еді. «Тәжірибелі адамды сайлау қажет болды. Украин халқы кінәлі — тәжірибесіз адамды сайлады», — деп атап өтті ол.

Лукашенко Украинадағы қақтығысты тезірек реттеу үшін келіссөздерді қайта бастау қажет деп сенеді. Ол бұл үшін Минскінің келіссөз процесін ұйымдастыру әлеуетін пайдалануды ұсынды.

Бұған дейін Беларусь президенті Украина президенті Владимир Зеленский Мәскеуге ықтимал сапары кезінде оның қауіпсіздігіне кепіл болуға дайын екенін мәлімдеген. Кейін Владимир Зеленский Беларусь басшысының бірге Мәскеуге ұшу туралы ұсынысына жауап берді.