Танымал журналист Нұрсейіт Жылқышыбай әншілерге, блогерлер мен БАҚ өкілдеріне үндеу жасап, саясатқа жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Саясатқа жауапкершілікпен қарау керек
Ол әлеуметтік желідегі жазбасында шоу-бизнес пен медиа саласындағы кейбір тұлғалардың партия атынан депутат болуға ұмтылуын сынға алды. Парламенттің жаңа құрылатыны туралы әңгімелер айтылып жатқанда, журналист былай деді:
«Бір өтініш бар. Әнші, журналист, блогер, квншиктер – лыпылдап жүріп, партия атынан «халық қалаулысы» болуға ұмтылмасаңыздар екен».
Парламент – ел тағдыры шешілетін орын
Нұрсейіт Жылқышыбайдың пікірінше, парламент – бұл тек сөз сөйлейтін студия немесе сахна емес, мемлекет тағдыры айқындалатын өте маңызды институт.
Журналистің бұл ойын әлеуметтік желі қолданушылары да қолдап, пікір білдірген.


