«Жұлдызды соғыстар: Империя соққысы» фильмінің түсірілімінде Марк Хэмилл қолданған Люк Скайуокердің түпнұсқа сәулелік семсері аукционда рекордтық $3,75 млн-ға (1,7 млрд теңгеден сәл астам) сатылды. Бұл — «Жұлдызды соғыстар» әлеміндегі реквизит үшін төленген ең жоғары сома, деп хабарлайды infohub.kz.
Бұл семсер киносаганың ең танымал көріністерінің бірінде — Люк Скайуокердің Дарт Вейдермен соңғы айқасы кезінде пайда болады. Дәл сол сәтте Вейдер Люктің қолын кесіп, әйгілі сөзін айтады: «Жоқ. Мен сенің әкеңмін».
Heritage Auctions аукциондық үйі лотты бастапқыда $1–2 млн-ға бағалаған еді, бірақ соңғы баға күткеннен әлдеқайда асып түсті.
«Жұлдызды соғыстар» реквизиті арасындағы алдыңғы рекорд «Жұлдызды соғыстар: Жаңа үміт» фильмінде пайдаланылған X-wing жойғышының үлгісіне тиесілі еді. Ол 2023 жылы $3,135 млн-ға сатылған.
Аукциондық үй өкілдерінің айтуынша, сәулелік семсер — франшизаның ең маңызды сақталған жәдігерлерінің бірі. Ол Graflex фотовспышкасының өңделген тұтқасы негізінде жасалған және Люктің кесілген қолы бар көрініске арналған түпнұсқа реквизитпен бірге сақталған. Бұл реквизитті Йода бейнесімен де айналысқан атақты грим суретшісі Стюарт Фриборн жасаған.


