4 сынып
Тақырыбы: М. Дулатов Шешенің балаларын сүюі!
Сабақтың мақсаты: Жаңа сабақпен танысу; оқушыларға өлеңдегі негізгі ойды ұғындыру, түсініп дұрыс оқуға, қорытынды шығаруға машықтандыру.
Отбасы ата - анаға деген сүйіспеншілік құрметтерін еске түсіндіру.
Сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Анасын сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу, өздік жұмыс жүргізу.
Түрі: Жаңа сабақ.
Типі: Дәстүрлі
Әдіс - тәсілдер: талдау, жинақтау, тіл дамыту, сұрақ – жауап, әңгімелесу, ойын
Көрнекіліктер: плакат, үлестірмелі дидактикалық материалдар.
Ұйымдастыру кезеңі
- Балалармен амандасу.
Оқушылардың сабаққа дайындығын, зейіндерін сабаққа аудару.
Күлімдеп күн бүгін
Қарады маған да
Күлімдеп күн бүгін
Қарады саған да
Күлімдеп күн бүгін
Қарады баршаға
Жаңа сабаққа дайындық Тақырыпты Ашу.
- Балалар тақтаға назар аударайықшы не көріп тұрсыңдар?
- Балалардан не көргендерін сұрап суреттерді талқылаймыз.
- Дұрыс айтасыңдар балалар бұнда біз ананың өз баласын қалай жақсы көретінін, ана мен бала арасындағы махаббатты көріп тұрмыз.
Олай болса балалар біз бүгін Міржақып Дулатов атамыздың «Шешенің балаларын сүюі» деген өлеңімен танысамыз.
Міржақып Дулатұлы - Шешенің балаларын сүюі
Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,
Қуанышына қуанып, қайғыңа - күйетұғын?
- Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.
Кім сендерді, балалар тербететін,
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?
- Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,
Дамқор анаң көз жасын көлдететін.
Кім сендерді сағынар шетке кетсең,
Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең?
- Бетін жуған жасымен сорлы анаңа
Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.
Кім сағынар сендерді келгеніңше,
Құлындарын көзімен көргенінше?
Сендер қайтып келсеңдер адам болып.
һеш арманым болмас еді өлгенімше...
Мұғалім: Асхат Қ. А.
М. Дулатов Шешенің балаларын сүюі! жүктеу
М. Дулатов Шешенің балаларын сүюі! слайд жүктеу
М. Дулатов Шешенің балаларын сүюі!
Тақырыбы: М. Дулатов Шешенің балаларын сүюі!
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз543 қаралым
#Міржақып Дулатов#ана туралы#шешенің балаларын сүюі
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

