Хабиб Нұрмагомедов пен Ислам Махачев командасынан ресейлік ММА файтері Магомед Зайнуков UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде сенімді жеңіске жетті, деп хабарлайды infohub.kz.
31 жастағы спортшы Абу-Дабидегі (БАӘ) Fight Night сериясы турнирінің негізгі кардында өнер көрсетті. Жеңіл салмақтағы (70,3 келіге дейін) оның қарсыласы тағы бір UFC дебютанты — поляк Дамиан Жепецкий болды.
Жекпе-жек үш раундқа созылды. Зайнуков кездесу барысында үстемдік етіп, үш төрешінің бірауыздан (30:27) шешімімен жеңіске жетті.
«Чанко» лақап атымен белгілі Зайнуков кәсіби ММА мансабында тоғыз жекпе-жекте тоғыз жеңіске жетті. 24 жастағы Жепецкий үшін бұл жеңіліс мансабындағы алғашқысы болды — оның еншісінде он жеңіс бар.
Негізгі кардтың тағы бір жекпе-жегінде Хабиб командасының тағы бір өкілі Сайгид Изагахмаев дебют жасады. Ресейлік файтер жартылай орта салмақтағы (77,1 келіге дейін) кездесуде Хамзат Чимаев командасынан Абубакар Вагаевқа қарсы шығып, төрешілердің бірауыздан (29:28) шешімімен жеңіліп қалды.


