Франция Президенті Эммануэль Макронның айтуынша, елдегі жаппай орман өрттеріне байланысты жағдай Екінші дүниежүзілік соғыстан бергі ең ауыр кезең болып отыр. Өртпен мыңдаған адам күресуде, деп хабарлайды infohub.kz.
«Біз бұрын-соңды болмаған өртке тап болдық. Қазіргі жағдай – тіркелгендердің ішіндегі ең ауыры, Екінші дүниежүзілік соғыстан бергі ең ауыр кезең», – деді Макрон Бордо қаласында. Ол француздарды бірлікке шақырып, алдағы апталардың қиын болатынын ескертті. Сондай-ақ Макрон климаттың өзгеруін ескере отырып, ормандарды қалпына келтіру қажеттігін айтты.
Қазіргі уақытта өрт сөндіруге 2,7 мың өрт сөндіруші, 1,5 мың әскери қызметші, 1,4 мың ішкі қауіпсіздік қызметкері және 18 әуе кемесі жұмылдырылған. 88 өрт сөндіруші зардап шекті, халық арасында қаза тапқандар жоқ. 240 үй қираған. Өрт шарпыған аумақтың көлемі 115 мың гектарға жетті.


