Ресейлік әнші МакSим (Марина Абросимова) отбасылық қайғылы жағдайға байланысты ауруханаға жедел жатқызылып, Павлодарда 25 шілдеде Қала күні мерекесі аясында жоспарланған концертін өткізбейтін болды. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.
Әншінің әкесі қайтыс болғаннан кейін денсаулығы күрт нашарлап, концерттің болдырылмауына себеп болды. Әлеуметтік желілерде әнші: «Қазір мен өте ауыр кезеңді бастан кешіріп жатырмын. Қатты стресс салдарынан денсаулым күрт нашарлап, ауруханаға жатқызуды қажет етті, қазір ем алып жатырмын. Өкінішке қарай, дәрігерлер жағдайым толық тұрақтанғанша ұшуға және кез келген шараларға қатысуға тыйым салды. Сондықтан сіздермен бірге болғым келсе де, қазір концертті өткізбеуге мәжбүрмін», — деп жазды. Әнші жанкүйерлеріне қолдау көрсеткені, түсіністік танытып, жағдайын сыйлағаны үшін алғыс айтты.


