Малайзияның 25 жастағы тұрғыны отбасынан төлем алу үшін өзін ұрлатқан болып көрсетіп, бес айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды infohub.kz.

Ер адам өсімқорлармен сөз байласып, туыстарынан «босатылуы» үшін 30 мың ринггит талап етті. Алайда полиция алдамшыны тез әшкереледі — ол арзан қонақүйде ұйықтап жатқан күйі табылды.

Малайзия соты 25 жастағы азаматты Қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша өз отбасынан бопсалау әрекеті үшін бес айға бас бостандығынан айыру немесе 5 мың ринггит айыппұл төлеу жазасына кесті. Бұған дейін туыстары оның несие берушілерге 45 мың ринггиттен астам қарызын әкесінің жинаған ақшасымен өтеп қойған еді.

Жақындарының көмегіне қарамастан, ер адам қарыз алуды жалғастырып, ұрлануды жоспарлау үшін өсімқорлармен сөз байласты. Ол туыстарына өз өміріне қауіп төнгендей сурет жіберіп, төлем талап етті.

Селаянг ауданы полиция басқармасының қызметкерлері алдамшылықты тез ашты: «тұтқынның» суретіндегі сәйкессіздіктерді байқап, ұялы телефон сигналын қадағалап, күдіктіні қонақүйде ұйықтап жатқан күйі тапты.

Малайзия-Қытай қауымдастығының қоғамдық қызметтер бөлімінің басшысы Майкл Чонг әкеге айыппұл төлемеуге, керісінше ұлының Каджанг түрмесінде жазасын өтеуіне рұқсат беруге кеңес берді. Полиция сондай-ақ схемаға қатысқан өсімқорлар синдикатын іздестіруде.