Мальта мен көршілес Гозо аралында электрмен жабдықтауда ірі ақау орын алып, 30 елді мекеннің тұрғындары жарықсыз қалды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Bild басылымының мәліметінше, мальталықтар бұл мәселеге кеше күндіз тап болған. Жергілікті Enemalta операторының дерегінше, сұйытылған табиғи газ қондырғысындағы жабдықтың кенеттен тоқтауынан тұрғындар электр қуатынсыз қалды. Бүкіл энергожүйенің тұрақтылығын сақтау үшін бірқатар ауданда жарықты уақытша өшіруге тура келді.
Электрмен жабдықтаудағы үзілістер туралы тұрғындар мен туристер жаппай хабарлаған. Олар үйлер мен қонақүйлерде кондиционерлердің өшкенін, жағажайдағы барларда теледидарлардың жұмысын тоқтатқанын шағымданды.
Көп ұзамай жабдықтауды қалпына келтіру үшін резервтік қуат көздері іске қосылды. Кейбір елді мекендерде электр шамамен бір сағаттан кейін қайта берілді. Enemalta энергия өндіретін нысандағы ақаудың себебін әлі тергеп жатыр.
Белгілі болғандай, бұл Мальта үшін соңғы апталардағы алғашқы ауыр блэкаут емес. Тамыз айының соңында Гозо аралы бірнеше жоғары вольтты желідегі ақауларға байланысты 26 сағат электрсіз қалған. Билік зардап шеккендерге өтемақы төлеуге уәде берді.
Жалпы, биыл жазда аралдарда электр үзілістері әдеттегіден жиі болды. Туристік маусымда тұтынудың өсуі аясында Мальтада энергожүйенің жүктемеге төтеп бере алатыны әлдеқашан талқыланып жүр.


