«Мәнер керек сөзге де» мәнерлеп оқу сайысы
Мақсаты: Оқушыларды көпшілік алдында еркін сөйлеуге, өз білімін көтеруге шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету.
Оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар біз бүгін 4 сыныптар арасында өтіп жатқан «Мәнер керек сөзге де» мәнерлеп оқу сайысына қош келдіңіздер. Осы сайысымызды бастамас бұрын қазылар алқасын сайлап алайық.
Енді ортаға сайысқа қатысушыларды шақырамын.
І. Сауалнама:
• Сенің аты-жөнің кім?
• Сенің жасың нешеде?
• Сенің елің яғни, руың кім?
• Ана тілің - қай тіл?
• Жатқа оқитын өлеңнің тақырыбы, авторы?
ІІ. Бұр бөлімде балаларға өздерінің білетін тыйым сөздерін айтуға 1 минут уақыт беріледі.
1. Үлкеннің сөзін бөлме, жолын кеспе.
2. Ошаққа су құйма.
3. Бас киіммен ойнама
4. Ақты төкпе
5. Үйді айналып жүгірме
1. Бос бесікті тербетпе.
2. Малды теппе.
3. Бүйіріңді таянба.
4. Жерді таянба.
1. Үйге қарай атпен шаппа.
2. Кешқұрым ұйықтама.
3. Айға қолыңды шошайтпа.
4. Нанды баспа.
5. Табаныңды тартпа.
6. Жайдан - жай үһілеме.
7. Кендірмен байлама, жыңғылмен айдама.
8. Кендірмен байласаң, жыңғылмен айдаласың,
«Мал бітер деп ойлама».
1. Сиырды теппе, сүтті төкпе.
2. Малды басынан ұрма.
3. Малға теріс мінбе.
1. Босағада тұрма.
2. Қолыңды төбеңе қойма.
3. Түнде суға барма.
4. Таңдайыңды тақылдатпа.
5. Кісіге қарап есінеме.
6. Тұзды баспа.
ІІІ. Оқушылар өздерінің сүйікті өлеңдерін мәнерлеп оқиды.
Әділ - қазылар сөз сөйлейді, мадақтамалар береді.
Мұғалім: Тіл – ұлттың жаны, халықтығының асыл белгісі, намысы, тыныс - тіршілігінің көзі, Ата Заңымен қорғалатын, еркіндігінің үні. Оны сендер де құрметтеп, қорғай біліңдер. Ынтымағы жарасқан халықтардың бесігі болған шуақты Қазақстанның бақытты да парасатты, білімді де, еңбекқор ұл - қызы болып өсе беріңдер!
Мәнер керек сөзге де
«Мәнер керек сөзге де» мәнерлеп оқу сайысы
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз709 қаралым
#тәрбиелік шара#мәнерлеп оқу сайысы#тиым сөздер
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

