Мәңгілік ел – қазақ елінің ұлттық идеясы
«Мәңгілік ел – ата - бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті...» Н. Ә. Назарбаев
Біз бүгін XXI ғасырдың есігін айқара ашып төріне еніп отырмыз. Бұл ғасырды Қазақстан үшін жасампаз ғасыр, жаңару ғасыры, дәуірлеу ғасыры болатынына сенемін. «Қазақстан - 2050» - Мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы ең мәртебелі жол. «Қазақстандық жол - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын жария етті.
Президент Жолдауы Қазақстан халқы үшін үлкен маңызға ие болды. Қазақ халқының мыңдаған жылғы тарихи тәжірибесінен, Тәуелсіздік жылдары жүріп өткен қазақстандық жолдан туындаған «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жария етілді. Бұл мақсат – бұл «Мәңгілік Елді» нығайту, біздің Отанымыз – Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайту! Бір мүдде – бұл біздің ортақ құндылықтарымыз, еркін және өркендеген елде өмір сүруге деген талпынысымыз! Бір болашақ – Бұл Мәңгілік елдің, біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасының өркендеуі. Қазақстан халқы Ассамблеясы және біртұтас елдің азаматтары «Мәңгілік ел» патриоттық актісін әзірлеу туралы тапсырманы ерекше шабытпен қабылдады. «Мәңгілік Елдің» жеті қағидасы біздің дауымыздың арқаулық құндылықтарын, Қазақстан халқының ортақ мүддесі мен тарихи тағдырын айшықтайды. Біз бұның Елбасы анықтаған міндеттерді орындаудағы күшті жұмылдырушы бастауға айналатынына сенімдіміз.
Елбасы: « Мәңгілік ел – ата - бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – мәңгілік ел! Мен мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан 2050» стратегиясының түп қазығы етіп алдым» деп ұрпаққа сенім артады.
Осыған орай, бұл Жолдау бүкіл халықтың көңілінен шықты, қазір ол мемлекетіміздің барлық аумақтарында, басқару, оқу - өндірістік салаларда, мемлекеттік емес ұйымдарда кең қолдау тауып отыр.
Жезқазған қаласы, №1 жалпы орта білім беретін
мектебінің математика пәнінің мұғалімі
Кажибекова Дана Ташимовна
Мәңгілік ел – қазақ елінің ұлттық идеясы
Мәңгілік ел – қазақ елінің ұлттық идеясы
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз665 қаралым
#мәңгілік ел#рухани жаңғыру#президент жолдауы#қазақ елінің ұлттық идеясы
Ұсынылады
"Педагогтерді қорғаймыз": Депутат Асхат Аймағамбетов ұстаздарға қуанышты жаңалық айтты
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов педагогтердің жауапкершілігін шектейтін заң жобасы туралы айтты. Енді мұғалімдер балалардың өмірі мен денсаулығына тек оқу-тәрбие процесі кезінде ғана жауапты болады.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 29 сәуір
Оқу-ағарту министрі мұғалімдерді қуантатын жаңалықпен бөлісті: Білім беру жүйесіне қандай өзгерістер енгізіледі?
Қазақстанда бастауыш сыныптарға, 5-11 сыныптарға арналған жаңа пәндер енгізіліп, оқу бағдарламалары қайта қаралады. Министр Жұлдыз Сүлейменова бұл өзгерістердің білім сапасын арттыруға бағытталғанын атап өтті.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 21 сәуір
Жаңа жылға арналған тілектер, құттықтаулар
Құрметті достар! Сіздерді Жаңа 2024 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

