Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында жергілікті он шаруашылыққа тиесілі 126 қой жаппай қырылды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Малшының айтуынша, қырылғанға дейін барлық мал бір су қоймасынан су ішкен.

Оқиға орнында ветеринарлар мен аудандық аумақтық инспекция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Олар қораларды зарарсыздандырып, өлген малдың өлексесін арнайы бөлінген жерге көміп тастады.

Мамандар сараптамаға сынамалар алды. Мал қырылуының нақты себебі шамамен 10 күннен кейін белгілі болатын зертханалық зерттеулердің нәтижесімен анықталады.

Бұған дейін «Курсив» Ақмола облысында «Петропавл – Алматы» жолаушылар пойызы 13 бас ұсақ малды қағып кеткенін жазған болатын.