Маңғыстау облысында коммуналдық кәсіпорынның 165 қызметкеріне 29 миллион теңге көлеміндегі жалақы берешегі өтелді. Бұзушылықтар Қарақия ауданының прокуратурасымен анықталды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Қарақия ауданының прокуратура қызметкерлері «Тұрмыс-Сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында еңбек заңнамасының сақталуына талдау жүргізді. Еңбек кодексінің 113-бабына сәйкес, жалақы айына кемінде бір рет, келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей төленуі тиіс.
Талдау барысында кәсіпорынның 165 қызметкерге жалақыны уақытында төлемегені анықталды. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша жұмысшылардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді: жалақы берешегі толық көлемде өтелді.
Жалақы төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін кәсіпорын Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 87-бабы 1-бөлігіне сәйкес (жұмыс берушінің жалақыны толық көлемде және белгіленген мерзімде төлемеуі, сондай-ақ кінәсінен кешіктірілген кезең үшін өсімпұлды есептемеуі және төлемеуі) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәсіпорын санатын ескере отырып, айыппұл мөлшері 432 500 теңгені құрауы мүмкін, нақты сома прокуратура хабарламасында көрсетілмеген.


