АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио дүйсенбі күні БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысу үшін Нью-Йоркке келген Иран делегациясынан елден дереу кетуді талап етті. Бұл — келіссөздер тұйыққа тірелген соң қабылданған шара. Ақпаратты АҚШ шенеуніктеріне сілтеме жасап, infohub.kz сайты хабарлады.

Axios дерегінше, Рубионың бұл қадамы дипломатиялық тұрғыдан аса сирек кездесетін ескерту болды және екі ел арасындағы терең сенімсіздікті айқын көрсетті.

Катарлық делдалдар АҚШ пен Иран арасында дипломатиялық серпіліс жасауға тырысқан, алайда екі тарап та жеңілмеуге бел буғандықтан, нәтиже мардымсыз болды.

Нью-Йорктен кетуге бұйрық алғандардың қатарында Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арагчи де болды.

«Дүйсенбі таңертең Ақ үй Иранмен күндізгі келіссөздер барысында ілгерілеу болуы мүмкін деп есептеді. Алайда күн соңында келіссөздердің тұйыққа тірелгені белгілі болды. Дүйсенбі кешке Рубионың бұйрығымен АҚШ-тың БҰҰ жанындағы өкілдігі Иран өкілдігіне Арагчи делегациясының Нью-Йорктен дереу кетуі керектігін жеткізді», — дейді дереккөз.

Еске салайық, бұған дейін Катар өкілдері осы аптада АҚШ пен Иран арасындағы қақтығысты реттеуде серпіліс жасай алмағаны хабарланған болатын.