Қазақстандық кәсіпкер әрі инвестор Марғұлан Сейсембай алдағы 3-5 жыл ішінде интернетке қатысы жоқ активтерінен біртіндеп шығуды ниет етіп отыр. Бұл туралы ол Kursiv Talks подкасінде айтты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
«Әр жобаның пісу мерзімі болады, яғни сатуға ең қолайлы уақыт келеді. Міне, менің көптеген жобаларым осы кезеңге жетті», – деп түсіндірді Сейсембай өз ниетін.
Сонымен қатар кәсіпкер активтерді асығыс сатпайтынын атап өтті. «Бірақ бұл ертең немесе асығыс деген сұрақ емес. Сатып алушыларды, дұрыс сатып алушыларды тауып, олармен келіссөз жүргізіп, жақсы әрі дұрыс бағада сату керек. Онда көптеген нюанстар бар», – деді ол.
Сейсембай бұл шешімнің жобалардың өмірлік циклімен ғана емес, өзінің инвестициялық басымдықтарының өзгеруімен де байланысты екенін түсіндірді. Оның айтуынша, алдымен ол дәстүрлі бизнеске белсенді инвестиция салған, кейін IT-компанияларға шоғырланған, ал енді назарын жасанды интеллектке аударып отыр.
Кәсіпкер подкастта қандай активтерді сатуды жоспарлап отырғанын нақты айтпады.
Сейсембай – Asadel Partners PEF Pte Ltd. серіктестігінің басқарушы серіктесі, осы компания арқылы Tamos Education-та үлесі бар. Сондай-ақ жұбайымен бірге Seimar Ltd. және Agros Ltd. арқылы «Алель Агро» агрохолдингінде 42% үлесті және «Уыз Мамыр Индастри», «Агро Фит Қапшағай» және басқаларында үлестерді ұстайды, онда олардың серіктесі – кәсіпкер Ғалымжан Есенов. Сонымен қатар ол Haileybury Almaty мектебінің акционері және интеллектуалдық, инвестициялық және консалтингтік бағыттарды біріктіретін AI-first экожүйесі Allosta-ның негізін қалаушы.
Бұған дейін «Курсив» Есенов пен Сейсембаевтар отбасы «Алель Агро»-дан миллиардтаған дивидендтер алатынын жазған болатын.


