Қазақстандық кәсіпкер және инвестор Марғұлан Сейсембай Kursiv Talks бағдарламасының жаңа шығарылымына қонақ болып, жасанды интеллектің бизнеске, білімге, мемлекеттік басқаруға және еңбек нарығына әсері туралы айтты, деп хабарлайды infohub.kz.

Әңгіме барысында Сейсембай штаттық қызметкерлерсіз компанияларды неліктен ашатынын, ЖИ-агенттер жүйесі MIDAS-ты не үшін жасағанын және жақын жылдары дәстүрлі офлайн бизнестердің көбінен неліктен шығуды жоспарлап отырғанын түсіндірді.

Кәсіпкер интернеттің болашағы туралы болжамымен бөлісіп, жеке ЖИ-көмекшілер мобильді қосымшаларды, сайттарды және әдеттегі интернет-жарнама моделін қажетсіз етуі мүмкін екенін айтты.

Подкастта сондай-ақ ЖИ-судьялардың пайда болуы, білім беру жүйесінің өзгеруі, технологиялық сингулярлық философиясы, Web3 ойын экономикалары және Сейсембайдың «тиімді жетілмегендік» тұжырымдамасын қоса алғанда, жеке қағидаттары талқыланды.

Подкасттың толық нұсқасын Kursiv Media YouTube-арнасынан көруге болады.