2025 жылы қазақстандық маркетплейстер бюджетке 400 млн доллардан астам салық аударды. Оның 266 млн доллары Kaspi.kz үлесіне тиесілі — бұл нарықтағы қалған ойыншылардың барлығы бірігіп төлегенінен де көп. Мұндай деректер Fintech in Kazakhstan зерттеуінде келтірілген, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Зерттеу нәтижелерін Ұлттық банк ұсынды. Материалды бірнеше ірі агенттік пен финтех-компания реттеушінің қолдауымен дайындаған. Алынған деректерге сәйкес, электрондық коммерцияның бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі үлесі 17%-ға жетті. Салыстырсақ, алты жыл бұрын бұл көрсеткіш небәрі 3,7% еді.

Электрондық сауда нарығының 92%-ы маркетплейстерге тиесілі. Олардан түскен салық түсімдерінің жалпы көлемі 2025 жылы 400 млн долларға жетті.

Қазақстандық алаңдар мен танымал шетелдік маркетплейстердің қазақстандық филиалдары арасында көш бастап тұрғандар:

Kaspi.kz – 265,7 млн доллар;

Wildberries – 111 млн доллар;

Ozon – 28,4 млн доллар;

OLX – 5,9 млн доллар;

Halyk Market – 1,8 млн доллар.

Осылайша, Kaspi.kz төлеген салық Wildberries-тен 2,4 есе көп болып, нарықтағы қалған ірі ойыншылардың төлемдерінің жиынтық көлемінен де асып түсті.

Бұған дейін қазақстандық салық органдары хабарламаларды орындамағаны үшін маркетплейстер мен интернет-алаңдардағы сатушылардың аккаунттарын тікелей бұғаттай алатыны хабарланған болатын.