Солтүстік Африкадағы испандық Сеута анклавына Мароккодан 50 мыңнан астам адам жүзіп өтіп жеткен. Олардың көбі кейін өз еркімен кеткен. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.
Британдық BBC телерадиокомпаниясының дерегінше, мигранттар шекараның ашылуы туралы қауесеттерге байланысты тәуекелге бел буғандарын айтқан. Бұл қауесеттер Испания Жоғарғы сотының шешіміне негізделген болуы мүмкін. Шешім анклав билігіне теңіз арқылы Сеута мен Мелильяға (Африка жағалауындағы тағы бір испандық анклав) кіргендерді Мароккоға автоматты түрде қайтаруға тыйым салады. Мұны қылмыстық топтар пайдаланған болуы ықтимал.
Бұған дейін де анклавқа өту әрекеттері болған, бірақ бұл жолы ең жаппай болды. Испания билігі болған оқиғаны басып кіру деп бағалап, анклавқа әскер тартты. Тәртіпсіздіктер кезінде 57 адам қаза тапты.
Италия Испаниямен шекарада уақытша бақылау енгізу мүмкіндігін қарастыруда. Бұл бастаманы Финляндия Сыртқы істер министрлігі де қолдайды.
Бұған дейін «Курсив» басылымы шекара бұзылған соң Марокко мен Испания барлық заңсыз кірген адамдарды депортациялау туралы шұғыл келісім жасасқанын хабарлаған.


