Бурай ауданының тұрғыны мас күйінде үш баласымен көлікке отырып, қайтыс болған жұбайының туыстарына жол тартқан. Алайда жолда басқаруды жоғалтып, жеке тұрғын үйге соғылған, деп хабарлайды infohub.kz.
Полиция мәліметінше, оқиға Вишневое ауылында болған. Ер адам Lada Largus көлігімен Жағалы көшесімен келе жатып, қоршауға соғылып, содан кейін тұрғын үйдің қабырғасына соғылған. Соққы салдарынан көлік қоршауды құлатып, бақшаны зақымдап, кіреберістегі баспалдаққа тірелген.
Жол апаты салдарынан жүргізушінің балалары зардап шекті — оларды тексеру үшін медициналық мекемеге жеткізіп, кейін үйлеріне жіберген. Кейін оларды әжесіне апарған.
Мас жүргізуші ұсталып, полицияға жеткізілді. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оған жүргізуші куәлігінен айыру және әкімшілік қамаққа алу жазасы қауіп төніп тұр.
Жұбайының туыстары немерелерін өз тәрбиелеріне алуға ниетті.


