Сабақтың тақырыбы: Матадан гүл дайындау технологиясы
Сабақтың мақсаты: Ойларын тұжырымдай білуге, көп ізденуге өз ойларын еркін айтуға, қолөнер шеберлігімен сөз өнерімен ұштастыра отырып білімдерін және қабілеттерін дамытуға,
әдемілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, керекті құрал жабдықтар, үлгі, тігін машинасы.
Сабақтың түрі: Тренинг сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, көрсету, сарамандық жұмыс
Сабақтың пәнаралық байланысы: Тарих, сурет, эстетика
Сабақтың жоспары:
I. «Еңбек»орталығы
II. «Пікір алысу» орталығы
III. «Ойлау» орталығы
IV. «Ғылым» орталығы
V. «Өнер» орталығы
Сабақтың барысы:
I. Еңбек орталығы
Үй тапсырмасы тексеру. Бисерден жасалған гүлдерді көрсету. Технология картасын еске түсіру
II. «Пікір алысу» орталығы
Сұрақ - жауап:
Бисерді қайдан шықты жерде пайда болды?
Ұсақ моншақтар туралы қосымша кім толықтырып айтады?
Моншақтардың түрлерін ата.
Әйнектен жасалған моншақтар ғай ғасырда табылған?
III. «Ойлау» орталығы. Басқатырғыш
1 - 2 бисердің түрлері 5 - 7 шығу тарихы 3 - 4 керекті құралдар.
IV. «Ғылым» орталығы
Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.
Графикалық диктант
1. Қайшының ұш жағын кісіге ұсынады.
2. Инені киімге қадаймыз
3. Тігіс кезінде ине жібін тіспен үзуге болмайды.
4. Жұмыс орнына жарық түспеуі керек.
5. Үстел бетінде тек қана тігілген бұйым болуы тиіс.
Жауабы:
1 2 3 4 5
V. «Өнер» орталығы
Технологиялық картамен жұмыс
Керекті құралдар
Жасалу жолдары
Мата, қағаз көшірмесі,
қайшы
Матадан 2 нұсқаны
Қиып аламыз, бір - біріне беттестіреміз
Ине, қайшы, жіп Екі матаны бір - біріне қосып тігеміз
Қалам, карандаш немесе ағаш, желім, мата Матаның ені 2-3 см, ұзындығы 16-17 см
Етіп қиямыз
Желім, қылқалам Матаның шетіне желімді жағып, қаламды матамен орап жапсырамыз.
Желім Гүлді қаламның басына орап, желіп жағып тапсырамыз
Жасыл мата, қағаз Қағаздан жапырақ нұсқасын жасап, матаның бетіне қойып, сызып, қиып аламыз
Желім Жапырақты желімнің көмегімен сабағына жапсырамыз
VI. Сабақты бекіту:
1. Гүл жасауға қандай құралдар керек?
2. Матадан гүл қалай жасалынады?
3. Матамен жұмыс жасағанда қандай қауіпсіздік ережесін орындаймыз?
Үйге тапсырма:
Жұмыста жалғастыру
Матадан гүл дайындау технологиясы
Сабақтың тақырыбы: Матадан гүл дайындау технологиясы
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз771 қаралым
#технологиядан сабақ жоспары#матадан гүл дайындау технологиясы
Ұсынылады
Қытайдың «тұйық» технологиясы электромобиль нарығын өзгертуі мүмкін
Қытай ғалымдары аксиалды қозғалтқыштар саласында жаңалық ашып, электромобильдердің болашағына жол ашуы мүмкін.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 8 маусым
Смартфоныңыздың қуатын ең көп тұтынатын қосымшалар анықталды
Мамандар Telegram, Google Chrome және камераның батарея зарядын тез тауысатынын айтты.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 26 сәуір
WhatsApp жаңа жаңартуы: Алаяқтар мен бейтаныс нөмірлер қоңырау шала алмайды
WhatsApp қолданушыларға арналған жаңа "Құпиялылықты тексеру" функциясын іске қосты. Бұл жаңарту жеке деректерді қорғауға және спам қоңырауларынан қорғануға көмектеседі.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 7 сәуір
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

