Мектеп: Есілбай ЖОББМ
Мұғалімнің есімі: А.С.Абылгазинова
Тақырыптар:
1. Квадрат түбір
2. Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері
3. Квадрат түбір. Квадрат түбірдің жуық мәндері
4. Квадрат түбір мен арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолданып есептер шығару
8 сынып
САБАҚ: Квадрат түбір
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Оқушылар квадрат түбір туралы түсінік алады
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар
Квадрат түбір туралы мәліметтерді таба алады. Тақырып бойынша мәлімет шолу жасайды, зерттейді. Квадрат түбір туралы анықтама құра алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Квадрат түбір дегеніміз не екенін біледі. Түбір белгілерін тауып, түсіндіре алады. Саннан квадрат түбір табуды біледі.
Кейбір оқушылар:
- Теңсіздікті қанағаттандыратын ең үлкен бүтін санды және өрнектің мәнін тиімді тәсілмен шығарыңыз. (ТжДО)
- Теңсіздікті қанағаттандыратын ең үлкен бүтін санды және өрнектің мәнін тиімді тәсілмен шығаруды маршруттық карта арқылы орындаңыз. (КҚЕО)
Тілдік мақсат Оқушылар:
- Оқушылар назарын ғылыми тілге аудару
- Пән мазмұны мен (терминдер, сөз тіркестері)
Негізгі сөздер мен тіркестер:
- түбір, квадрат, математикалық амал, дәреже, дәреженің көрсеткіші, таңба, мән, өрнек, мағына, айнымалы, теңдеу, теңсіздік, рационал, иррационал, жуықтау термин сөздерді пайдалану арқылы тақырыпты түсіндіре алады;
- байланысын көрсете алады;
- Ойын дәлелдей алады;
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар:
- Түбір ұғымын енгізудің қажеті неде?
- Квадрат түбір және арифметикалық квадрат түбір ұғымдарының айырмашылығы неде?
- Квадрат түбір белгілерін біз не үшін пайдалана аламыз?
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба?
- Саннан квадрат түбірді табуда қандай нәтиже алуға болады?
- Кез - келген дәлдікпен арифметикалық квадрат түбірдің мәнін қалай табасыз?
- Дәрежеге шығару амалына кері амал бар ма?
Жазылым бойынша ұсыныстар:
- Түбірдің оң мәнін санның арифметикалық квадрат түбірі деп ойлаймын. Өйткені.....
- Егер теріс емес а санының квадрат түбірі деп квадраты а – ға тең санды алсақ, онда.........
Алдыңғы оқу Санаудың дағдысы; түбір бойынша қосу дағдысы; өзгертіп қайта айту;
Толық нұсқасын жүктеу
Математикадан сабақтар
Мектеп: Есілбай ЖОББМ
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз677 қаралым
#таңба#квадрат#өрнек#түбір#дәреже#квадрат түбір#математикалық амал#дәреженің көрсеткіші#мән
Ұсынылады
Қазақстанда Аналар күні аталып өтті: Ананың рөлі мен мемлекеттік қолдау
Қазақстанда Аналар күнін атап өту аясында аналарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары мен ананың қоғамдағы рөлі туралы статистикалық мәліметтер жарияланды.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 10 мамыр
85 жастағы Қарағанды тұрғыны арнайы білімі болмаса да, күрделі математикалық есептерді шешеді
Ермекбай Жолдыбеков есімді қария натурал сандарды қосудың өзіндік әдісін ойлап тауып, ғылыми жарияланымдарда жарық көрген.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 5 наурыз
Математика – халық ауыз әдебиетінде
Математика – халық ауыз әдебиетінде
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

