Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Математикалық дәмхана
Тақырыбы: Математикалық дәмхана (презентациясымен)
Мақсаты: а) оқушылардың білімге деген көзқарастарын қалыптастыра отырып, математика пәніне деген қызығушылықтарын ояту;
ә) оқушылардың математикалық ой - өрісін дамыту;
б) оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу;
Көрнекілігі: ойын тақырыбына байланысты плакаттар, үлестірмелі карточкалар.
Техникалық құралдар: компьютер, интерактивті тақта.

Сайыс барысы:
І. Ұйымдастыру: сайыс барысымен таныстыру.
ІІ. Негізгі кезең: топтарды таныстыру, әділ қазыларды анықтау, сайыс тапсырмаларын өткізу.
ІІІ. Қорытынды: жеңімпаздарды анықтау және марапаттау.

Өткізу барысы:
1. Кіріспе.
Математика – бұралаңсыз нақты ілім,
Үйрететін бақыт тілін, бақ тілін.
Айдынында сүңгіп, сүңгіп жүзсең бір,
Тарқамайды қуаныш пен шаттығың, - деп, мектебіміздегі «Егеменді ел тірегі – оқу мен білімнің тереңдігімен өлшенеді» деген атпен өткізіліп отырған математика және жаратылыстану пәндері апталығының аясында өткелі отырған «Математикалық дәмханаға» қош келдіңіздер! Осы дәмхананың ашылуына орай арнайы шақырылған меймандарымыз бар, соларды қарсы алайық.
Үлгілі тәртіп, жақсы оқу –
Алға қойған мақсаты.
Әрқашанда мектепте
Шығып жүрген жақсы аты.
Ортаға 6 «а» сынып оқушыларының қыздарынан құралған «Оң сандар» тобын шақырамыз!
«Кіру билетінің сұрақтары»: (екі топқа бірдей 10 сұрақ қойылады, әр сұрақ 1 ұпаймен бағаланады)
1. Бүтін сандар дегеніміз не?
2. Қарама - қарсы сандар, мысал келтір.
3. Пропорция қай елдің сөзі, қандай мағынаны білдіреді?
4. Бос жиын дегеніміз не?
5. Екі теріс санның қосындысы қандай сан?
6. Таңбалары әр түрлі екі санды көбейту ережесі.
7. Таңбалары бірдей екі санның бөліндісі қандай са?
8. Координаталық түзуде сандар қалай орналасады?
9. Сан аралығының атын атаңдар.
10. Теңдеу шешу дегеніміз не?
Асып - тасып саспайтын,
Батыл қадам бастайтын.
Еркін айтып ойларын,
Жарыстан еш қашпайтын, - ортаға 6 «а» сыныбының ұлдарынан құралған «Теріс сандар» тобын шақырамыз! (Бұл топқа да осы сұрақтар қойылады)
Бұл дәмхананың ерекшелігі – мұнда математиканың жанашырлары өз білімдерімен сынасады. Дәмхана қызметкерлері ас мәзірі ретінде түрлі математикалық тапсырмалар ұсынады. Әрбір ұсынылған ас мәзіріне сіздердің төлейтін ақшаларыңыз – берілген тапсырмаларды орындау. Әр тапсырма жеңіл - қиындығына қарай ұпай санымен бағаланады. Ұсынылған тағамдардың бағасын есептеп отыратын дәмхананың әкімшілік және есептеу қызметкерлерімен таныс болыңыздар. Олар: (әділ қазылармен таныстыру)
Бас есепші - М. Б. Байбекова (мектеп басшысы)
Есептеуші қызметкерлер: Естаева А. Е. және Жунусова А. Д.
Құрметті дәмхана қонақтары, өздеріңізге арнайы әзірленген столдарға жайғасыңыздар.
Сондай – ақ бұл кафеде математиканы сүйіп оқитын, оның қыр – сырын меңгеруге құлшынысы бар барлық математика жанкүйерлеріне де орын бар. Сіздер біздің дәмхананың таңсық тағамдарына тамсанып уақыттарыңызды қызықты да мазмұнды өткізесіздер деп сенім білдіремін. Дәмхана мәзірінен колориялы тағамдармен қатар ыстық, суық тағамдарды, дәмі тіл үйіретін десерт пен сусындарды таба аласыздар. Сонымен бірге біздің дәмханада өз қызметін, ас мәзірін ұсынатын даяшылар да қастарыңыздан табылады, олар – Нұрдәулет және Асыл.
Енді бүгінгі қонақтарға арнайы дайындалған ас мәзірімен таныстырайын:

Сайыс кезеңдері:
1 - тағам. Қазақтың ұлттық тағамдарының бірі – қуырдақ.
2 – тағам. Математикалық салат: «Адасқан буындар».
3 – тағам. Математикалық десерт: «Жеміс қосылған балмұздақ»: (мақал - мәтелдерден жасырылған сандарды табу)
4 – тағам. Математикалық сусын. «Шөлбасар» (әр топ қарсы топтың дайындаған ребустарын шешеді)
5 – тағам. Математикалық ассорти. (логикалық тапсырмалар)
6 – тағам. Мезим (әзіл есептер)
7 – тағам. «Мерекелік шашу торты».
Құрметті кафе қонақтары! Сіздер қандай қонақ екендеріңізді, қандай тілде сөйлесетіндеріңізді білгіміз келеді. Ендеше, өздеріңді таныстырып өтсеңіздер! (әр топ өздерін таныстырады)
Ал, енді, құрметті көрермендер! Нақты сайысымызды бастайық! Сіздерге қазір даяшылар ас мәзірін тарту етеді,

1 - тағам. Қазақтың ұлттық тағамдарының бірі – қуырдақ. Бұл қазақтың басты тағамдардың бірі болғандықтан, мұнда қойылатын сұрақтар 6 сыныптың бағдарламасына сай білуге тиісті есептер болады. (5мин. уақыт беріледі).
№ 1 есеп. а мен в сандарының айырмасы бойынша а және в сандарын салыстырыңдар:
1) 2) 3)
№ 2 есеп. Егер және болса, х у көбейтіндісін бағалаңдар.
№ 3 есеп. Теңдеуді шешіңдер:
№ 4 есеп. Теңсіздікті шешімін табыңдар:

2 – тағам. Математикалық десерт: «Жеміс қосылған балмұздақ»: (мақал - мәтелдерден жасырылған сандарды табу)
-... қарын майды... құмалақ шірітеді.
-... жаман дос болмас,... жақсы қас болмас;
- досыңды... күн сынама,... жыл сына;
-... түгел болса, төбедегі келеді;
- ер қаруы -... қару;
-... ала болса, ауыздағы кетеді;
-... рет өлшеп,... рет кес;
-... тойған жерге... бар
3 – тағам. Математикалық салат: «Адасқан буындар». Әріптерінің орындары ауыстырылып берілген сөздерден математикалық термин құрау керек және ол сөздерге анықтама бері қажет.
Ынжи, усради, штабмас, цияпорпро, центпро

4 – тағам. Математикалық сусындар. «Шөлбасар» (әр топ қарсы топтың дайындаған сөзжұмбақтарын шешеді)

«Оң сандар» тобының музыкалық номері.
Есептерді сан түрлі шығарамыз,
Арасында ойын ойнап жарысамыз.
Бұл кеште ойлы, сұрақ, жеңіл сұрақ табылар,
Қаласаңыз, әзіл есеп – ол да бар.

5 – тағам. Математикалық ассорти. (әзіл есептер)
1 - есеп. Ағасында 2 кәмпит, ал інісінде 12 кәмпит бар. Ағасы інісінен неше кәмпитті тартып алғанда, әділеттік орнап, олардың кәмпиттерінің саны теңеседі? (5)
2 - есеп. Үйде 12 шәшке мен 9 табақша бар еді. Кішкентай Камшат анасына көмектеспекші болып ыдыстарды жуғанда шәшкелердің жартысы мен 7 табақшаны сындырып алды. Неше шәшке табақшасыз қалды? (4)
3 - есеп. «Қасқыр мен түлкі».
Бір күні қасқыр мен түлкі тегін балыққа кез болады. Қасқыр түлкіге: «Мен математикаға нашармын, балықты сен бөл»,- дейді. Сонда түлкі: «Саған біреу, маған екеу, саған оған үшеу, маған төртеу, т. с. с. ең соңында 20 балықты өзі алады». Қайсысы көп алды және қанша артық алды? (Түлкі 110, қасқыр 100 балық алды).
4 - есеп. «Қу түлкі».
Шал көп балық аулап, көңілденіп, әндетіп келе жатып, жолда өліп жатқан түлкіні көреді. «Кемпіріме жаға болды»,- деп қуанған шал түлкіні шанаға салып алады. Ал түлкі жолда 1 минутта 1 балық, 2 - минутта 2 балық, т. с. с. әр лақтырған сайын алдыңғы лақтырғаннан 2 есе көп балық лақтырып отырады. 5 минутта барлығы неше балық лақтырған? (31)

«Теріс сандар» тобының музыкалық номері.

6 – тағам. Математикалық дәрумен – «Мезим».
Бүгінгі кеште сіздер біздің аспазшылар даярлаған тағамдардың дәмділігіне риза болып, барлық ұсынылған астан бас тарқан жоқсыздар. Кей адамдарда қабылдаған астар тез қорытылады, ал кейбір адамдарды мазасыздандыруы мүмкін. Сондықтан астарыңыз бойларыңызға тез сіңуі үшін дәмхана қызметкерлері дәмді астармен қатар асқазан үшін таптырмас дәрі – «Мезимді» ұсынады, яғни логикалық есептер мен жұмбақтарға кезек береміз

- Балаларды жазалау үшін қолданылатын геометриялық фигура.
- 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма?
- Төртінші артығын тап: қосынды, айырма, бөлінгіш, көбейтінді.
- Қояндар бөренені арамен бөліп жатыр. Олар14 жерден кесті. Неше бөлік пайда болды? (15)
- Бір бала ас үйде тарақандарды ұстап жүріп, 5 - ін өлтірді, ал 3 есе көбін жаралады. 3 тарақанды өте ауыр жаралады және олар жарақаттарынан өліп қалды, ал қалғандары тіріліп кетті, бірақ балаға ренжіп көршілеріне мүлдем кетіп қалды. Көршілеріне неше тарақан кетіп қалды? (12)

7 - тағам. Біздің дәмхана аспазшылары арнайы даярлаған «Мерекелік торт» ұсынылады.
Тапсырма: Әр бөлікте бір ғана гүл болатындай етіп 3 рет кесу керек.
Ойын – толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озық келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады қапылыста.
Олай болса, бүгінгі математикалық дәмханадан өздеріңізге дайындаған ас мәзірлері алдарыңызға тартылды. Ендігі кезек ішілген тағамдардың бағасын есептеуге де келіп жетті. Біздің есептеу бөлімінің қызметкерлері қай топтың ас мәзірін қаншалықты көп таңдағанын анықтайды.
Оған дейін:
Шыңымыз биік болар білім қусақ,
Әлі де үйренеміз аман болсақ.
Өмір деген өнермен үйлеспей ме,
Жадыратар жанымыз күй тыңдасақ.. (Рүстемнің орындауында күй тыңдалады)
(марапаттау)

Білім деген - биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген – ақылшың,
Қиындықтан өткізер.
Бүгінгі дәмхана қонақтары, сіздерге әрқашан да білімдерің ақылшы да серік бола берсін. Білімнің биік шыңына талмай, шаршамай жете беріңдер деп қорытындылағым келіп тұр.

Бүгін сіздермен бірге болып, арнайы ас мәзірін дайындаған бас аспазшы:
Сау болыңыздар!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама