Математикалық эстафета
Мақсаты: 1) ойнап жүріп, ойлау білуге;
2) ауызша және тез есептеуге;
3) логикалық ойлау қабілетін дамытуға;
4) тапқырлыққа, іздемпаздылыққа, белсенділікке үйрету.
Көрнекіліктер: магнит тақта, қалам, есептер, тапсырмалар, екі топтың эмблемасы, сәлемсдесу өлеңдері, спорттық ойындар, спорттық құралдар.
Жоспар:
1. Жүргізуші сөзі
2. Екі топтың сәлемдесуі
3. 1 - ойын. Секіртпемен жүгіріп барып, тақтаға есеп шығару
4. 2 - ойын. Допты жерге соға жүгіріп барып, сандарды салыстыру
5. 3 - ойын. Шеңберді домалата жүріп барып берілген сандарды жазу.
6. 4 - ойын. Нығыздалған допты кедергілер арқылы домалатып өтіп, өлшем бірліктерді дұрыс табу
7. 5 - ойын. Жұмбақтар шешу(топ басшылар сайысы
8. 6 - ойын. Қанатты сөздердің жалғасын тап!
9. Қорытынды сөз.
Жүргізуші: Бүгінгі білімді оқушыларды анықтайтын, білімге қызығушылығын арттыратын «Математикалық эстафета» атты танымдылық ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Қош келіпсіздер құрметті оқушылар, қонақтар! Сіздер бүгін математика жайлы көптеген мағлұматтармен танысасыздар. Математика адам ойы арқылы ғана жүзеге асады. Сондықтан математика - адам ойын тәртіпке келтіретін ғылым деп саналады. Қазір біз сендердің бойларындағы қабілеттеріңді шыңдауға математикалық сайысымызды бастаймыз.
Сендерден тек шапшаңдық, ұқыптылық, шыдамдылық талап етіледі. Сіздерге сәттілік тілеймін.
Алдарыңызда бүгінгі сайысқа қатысатын «Алғырлар» және «Тапқырлар» тобы, әр топтың топ басшысы бар.
«Алғырлар» тобы
ұраны
Шаршы алаңға жарысқа
Шықты біздің тобымыз.
Жеңілсек те, жеңсек те,
Ашық болсын жолымыз!
«Тапқырлар» тобы
ұраны
Құрметтеп бар ғылымды, ой - сананы
Тапқырлар тобы сәлем беріп қарсы алады
Сандар сырының құпиясы сайысында
Қашанда тапқыр болам деп ой салады!
Жүргізуші:
Құрметті оқушылар! Бүгінгі математикалық эстафета ойынымызды әділ бағалайтын әділ - қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Олар: 1.————
2.—————
3.—————
Жүргізуші:
Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем.
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл.
Достықпенен бірлікті етіп тұлға,
Жеңіске жеткен едік талай сында.
Қарақылды қақ жарып әділқазым,
Еңбегін «Тапқырыңның» әділ сына.- дей келе 1 - ойынымызды бастаймыз.
1 - ойын «Секіртпемен жүгіріп барып, тақтаға есеп шығару»
Математикалық эстафета. жүктеу
Математикалық эстафета
Математикалық эстафета
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз1144 қаралым
#математикалық эстафета#ойын сабақ физикадан#математикадан сайын сабақ жоспары#ауызша және тез есептеу
Ұсынылады
Қазақстанда Аналар күні аталып өтті: Ананың рөлі мен мемлекеттік қолдау
Қазақстанда Аналар күнін атап өту аясында аналарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары мен ананың қоғамдағы рөлі туралы статистикалық мәліметтер жарияланды.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 10 мамыр
85 жастағы Қарағанды тұрғыны арнайы білімі болмаса да, күрделі математикалық есептерді шешеді
Ермекбай Жолдыбеков есімді қария натурал сандарды қосудың өзіндік әдісін ойлап тауып, ғылыми жарияланымдарда жарық көрген.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 5 наурыз
Математика – халық ауыз әдебиетінде
Математика – халық ауыз әдебиетінде
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

