Американдық ойыншық өндірушісі Mattel әйгілі әнші Уитни Хьюстонға арналған Barbie Signature сериясындағы жаңа қуыршақты ұсынды. Релиз әншінің туған күніне орайластырылған, 2026 жылы ол 63 жасқа толар еді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Қуыршақ әншінің мұрагерлерімен бірлесіп жасалды. Жаңа өнімнің тұсаукесері Атлантадағы Уитни Хьюстон қоры ұйымдастырған Legacy of Love Gala қайырымдылық кешінде өтті.

Қуыршақтың бейнесі әншінің 1987 жылғы "I Wanna Dance with Somebody" хитының клипіндегі аңызға айналған стилінен шабыттанған. Фигура сирень түсті денеге қонатын көйлек киген, үлпілдеген бұйра шаш, ашық макияж және әшекейлермен толықтырылған. Қуыршақ қолында микрофон ұстап тұр.

Дизайнды әзірлеуге әншінің келіні әрі мұрасын басқарушы Пэт Хьюстон қатысты. Оның айтуынша, мұндай қуыршақ жасау Уитнидің өзінің көптен бергі арманы болған.

Коллекциялық қуыршақ қазірдің өзінде интернет-дүкендерде сатылымға шықты. Бұған дейін Mattel-дің музыкалық қуыршақтар желісі Майли Сайрус, Кайли Миноуг және Тина Тернердің фигураларымен толыққан болатын.