Флорида штатындағы Помпано-Бич қаласында тек медузаларға арналған мұражай ашылды. Бұл — АҚШ-тағы осындай алғашқы мұражай болуы мүмкін. Жарқыраған неон шамдары мен таңғажайып тіршілік иелері көрермендердің назарын аударуда, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Бұл ежелгі теңіз жәндіктері мұхиттарда 500 миллион жылдан астам уақыт бойы тіршілік етіп келеді. Олар динозаврлар мен ағаштардан да бұрын пайда болған. Шамамен 900 шаршы метрді құрайтын мұражай ғимаратында 21 түрлі аквариум орнатылған, онда 20-ға жуық бірегей медуза түрі ұсталады.

Мұражайды украиналық аквариум әзірлеушілер негізін қалаған. Бұл жоба теңіз биологиясына қызығушылық танытқандар үшін ерекше орынға айналды.