Ресей Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев Ресейде жұмылдыру туралы қауесеттерді жоққа шығарып, оларды өтірік арандату деп атады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Медведев Қауіпсіздік Кеңесінің Қарулы Күштерді келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен жасақтау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысын өткізді. Өз сөзінде ол жұмылдыру туралы қауесеттер интернетте таратылып жатқан «өтірік арандату» екенін мәлімдеді.

«Бұл — сайлау қарсаңындағы насихаттың бір бөлігі. Олар, әрине, біздің еліміздегі жағдайды тұрақсыздандыруға, теріс көңіл-күй туғызуға тырысады», — деді Дмитрий Медведев.

Экс-президент жұмылдыру жүргізу қажеттілігі жоқ екенін атап өтті. «Арнайы атап өтейін, жұмылдыруға ешқандай қажеттілік жоқ», — деп қосты ол.