Threads әлеуметтік желісінде бір қолданушы мектеп дәптерлерінің мұқабаларымен пост жариялады. Оларда қазақстандық жастар арасында танымал аббревиатуралар орналастырылған. Бұларды әртүрлі түсінуге болады, деп хабарлайды infohub.kz.
Мәселен, әлеуметтік желі қолданушыларының назарын ШШС аббревиатурасы аударды. Төменгі жағында «Шыда, шырағым сынаққой» деген жазу болса да, әлеуметтік желілерде бұл аббревиатура балағат сөзбен байланыстырылады.
СГЛ аббревиатурасы да осыған ұқсас: дәптерде «Сен грандқа лайықтысың» деп жазылғанымен, жастар оны балағат ретінде пайдаланады.
Тағы да «Цунбиятрм» және «....... қыс!» деген жазулары бар дәптерлер кездеседі, олар да қазақстандықтарда сұрақ туғызады.
Брендтің әлеуметтік желілердегі парақшасында бұл дәптерлер «мотивациялық» деп белгіленген.
Қолданушылардың пікірлері екіге бөлінді. Біреулер жазбаларды әдепсіз және құрметсіз деп наразылық білдірді. Олар құзырлы органдардың неге қарап отырғанын сұрап, дәптерлерді сатудан алып тастауды талап етті.
Енді біреулер идеяны креативті деп бағалады, бірақ мектеп кеңсе тауарларына жарамайтынын айтты. Сондай-ақ, егер жазба біреуге ұнамаса, дәптерді мөлдір емес мұқабамен орап қоюға болатынын ескертті.


