Мектеп түлектерімен кездесу кеші
Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата - аналар, аяулы оқушылар! Осыдан 10 жыл, 20 жыл, 30 жыл бұрынғы мектеп түлектері алтын ұя мектебімен қауышқалы отыр! Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп түлектері есінде мәңгі өшпесі анық.
Жүргізуші:
Өзіңменен өлшеулі нарқым менің,
Асқар тау, арқа тұтар алтын белім.
Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа,
Қош келдің, айналайын, халқым менің!
Өлшеуі ар - намыс пен нарқымыздың,
Қорғаны адамдық пен салтымыздың.
Армысыңдар, аяулы ұстаздарым,
Сенері сендерсіңдер халқымыздың.
Өмір берер ертеңгі бағаларын,
Ұядан ұшпақ бүгін балаларың.
Халқыма ұрпақ берген, өмір берген,
Қош келдің, әкелер мен аналарым.
Бүгінгі салтанатты жиынның президиум мүшелерін өз орындарына шақырамыз.
1. Аудан әкімі -------
2 Ауыл әкімі -
3. Мектеп директоры -
4. Ақсақалдар кеңесінің төрағасы ---- ақсақал.
5. Ардагер ұстаздар:
6. 30 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер
7. 20 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер
8. 10 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер
Жүргізуші:
Ұрпағың мақтануға болса лайық –
Біз бүгін мақтанайық, жар салайық!
Кездесуге келген бүгін түлектерді
Құрметпенен қол соғып қарсы алайық!
Осыдан 10 жыл бұрын 2004 жылы мектебімізді бітірген азаматтарды ортаға шақырамыз! Қол соғып қарсы алайық! (Музыка. «Армандастар»)
Сынып жетекшісі – Қашқынбаева Бақыткүл, алғашқы ұстазы – Мақашева Мәрия.
Мектеп түлектерімен кездесу кеші. жүктеу
Мектеп түлектерімен кездесу кеші
Мектеп түлектерімен кездесу кеші
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз1014 қаралым
#кездесу кеш сценарий#мектеп түлектерімен кездесу кеші
Ұсынылады
25 қазан Республика күні слайд, презентация
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының өзіндік тарихы, мәдениеті, рәміздері бар тәуелсіз ел екенін түсіндіріп, ұлттық патриотизм рухында тәрбиелеу.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Адалдық жүрген жерде - адамдық жүреді пікірлесу сағаты
«Адалдық жүрген жерде - адамдық жүреді» пікірлесу сағаты
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
1 - қазан Қарттар күніне арналған тәрбие сағаты: Қарттарым асыл қазынам
«Қарттарым асыл қазынам»
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

