Америка Құрама Штаттарының бірінші ханымы Мелания Трамп Ресей мен Украина Рождествоге дейін жаңа бітімге келісе алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Fox News-қа сілтеме жасаған NUR.KZ-тің мәліметінше, АҚШ көшбасшысының жұбайы Украина мен Ресей арасындағы ықтимал жаңа атысты тоқтату туралы мәлімдеме жасады.

«Ең алдымен, мен атысты тоқтату жөніндегі келісімдердің одан әрі көбейгенін шынымен қалар едім. Екі тарап — Украина мен Ресей — дайын болса, біз мұны қысқа мерзімде ұйымдастыра аламыз. Біз бұл туралы әңгімелесіп жатырмыз, сондықтан Рождествоге дейін тағы бір атысты тоқтату болуы мүмкін», — деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 23 қазанда Мелания Трамп Ресей мен Украина арасында Алешкиде гуманитарлық операция жүргізу үшін ұрыс қимылдарын уақытша тоқтату туралы келісімге қол жеткізгенін мәлімдеген болатын.

Кейін ол Алешкидегі гуманитарлық миссия туралы әңгімелеп, Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың тезірек аяқталуын тіледі.

Қараша айының басында АҚШ көшбасшысының жұбайы Ақ үйде Ресей мен Украина өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізіп, Владимир Путин мен Владимир Зеленскийге жеке хабарламалар жеткізді.