Тақырыбы: Мен ғажаппын тренинг сабақ.
Мақсаты: Педагогтардың эмоцияналды және көңіл - күйлерін көтеруге, кәсіби жанудың алдын алу, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту.
Тренинг ережесі:
Тыңдай білу
Белсенді қатысу
Сөзді бөлмеу
Күлімсіреу
Сын айтпау
Уақытқа бағыну
1.«Бір - бірімізбен амандасайық»
Мақсаты бір – біріне жақын болуға, бір - бірін түсіне білуге, тренингке қатынасушылар арасында жағымды атмосфера қалыптастыру.
І нұсқа: оң және сол жақ көршілеріңізбен құшақтасып амандасамыз.
ІІ нұсқа: арқаларыңызды тигізу арқылы
ІІІ нұсқа: оң және сол жақ тізелеріңізді тигізу арқылы
ІV нұсқа: мұрындарыңызды тигізу арқылы
2.«Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы.
Ең алдымен жүргізуші бастайды. Шарды алып, «Мен сізге шарды беремін, себебі сіз... қайырымды адамсыз». Әр қатысушы шарды алып, жалғастырады. Сөйтіп барлық қатысушы өз ойын айтып шығуы керек.
3.«Сурет салайық» жаттығуы
Жүргізуші: «Қолыңызға дәптер (парақ, қағаз) алыңыз, оны төбеңізге қойыңыз. Екінші қолыңызға қалам алыңыз.
Параққа үлкен шеңбер сызыңыз. Осы шеңбердің ортасына кішткентай арал салыңыз. Аралдың қасына екі - үш пальма салыңыз. Сол жағына жүріп қайықтың суретін салыңыз. Енді қайтып келіп пальманың қасына өзіңізді жатқызып салыңыз.
Сонан соң парақты қолыңызға алыңыз. Айтылған нұсқауға сәйкес сурет сала алдыңыз ба? Кімнің суреті нұсқауға сәл болса да ұқсайды?»
Ойынның (әзіл) қорытындысы: егер кімде - кімнің суреті нұсқаулыққа ұқсайтын болса, онда ол семинар барысында айтылып жатқан мәселелерді зейін қойып, назарын соған аударып тыңдап отырған.
Мен ғажаппын тренинг сабақ жүктеу
Мен ғажаппын тренинг сабақ
Тақырыбы: Мен ғажаппын тренинг сабақ.
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз622 қаралым
#тренинг сабақ#мен ғажаппын#педагогтарға арналған тренинг сабақ жоспары
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

