Сабақтың тақырыбы: Мен және менің мектебім
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
1. Таныс дыбыстар мен музыканы тыңдау барысында анықтау және сипаттау.
2. Соль ми ноталарының биіктігін естіп анықтау.
3. Әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау.
Құндылықтарды дарыту: Оқушыларды бір - біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары: Аудиожазба, таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік: Мектеп Школа School
Сабақтың басы
Қоңырауды соғамыз
Ертеңгілік шеңбері
Таңғы шеңберде тұрған оқушылар бір – бірімен Соль, ми ноталарының биіктігінде құрылған әуенмен үш тілде сәлемдесу: Сәлеметсіңдерме балалар!
- Здравствуйте дети - Hello, children!»
Оқулықтағы жұмбақты шешу арқылы ән тақырыбын ашу
- Балалар бұл қандай құрал? Қоңыраудың үнін естігенде неге өз орындарыңа асықтыңдар?
- Қоңырау үні балаларды мектепке шақырады, сабақ басталатынын білдіреді
Дауыс жаттығуы Соль, ми ноталарында
«Сылдыр, сылдыр қоңырау,
Сыңғырлаған көңіл - ау»
Сабақтың ортасы
Жаңа сабақты түсіндіру
(Т, МК) Оқушылар оқулықтағы сурет бойынша өзі білім алып жатқан мектебі туралы әңгімелейді.
(Ұ) Ән үйрену: А. Меңжанова «Біз мектепке барамыз»
Оқушыларға сұрақ: Әнді қалай (қатты, жұмсақ) орындаған дұрыс?
Қорытынды: Ән жұмсақ, әуенді, сазды орындалады. Содан кейін әннің ырғағына сәйкес қол шапалақтай отырып орындау
«Біз мектепке барамыз» әнінің көңіл күйіне қарай келетін смайликті таңдау, неге оны таңдағанын түсіндіру, әнні көңіл - күйін ажырату
(Ұ) Үштілділік Мектеп Школа School
(Т) Топқа бөлінген оқушыларды тапсырма. Топ атауы мектеппен байланысты болу керек
1-топ - Әнні мазмұны не туралы?
2-топ Сен мектепке не үшін келесің?
3-топ Үлгілі оқушы қандай болу керек деп ойлайсың?
Барлығына Музыка сабағында не үйренесің?
Оқушылар өзінің мектепке не үшін келгенін, өздерінің алға қойған мақсатын орындау үшін қандай оқу құралдарын пайдаланатынын айтады. Оқулықта берілген сурет бойынша сыныпта болатын заттардың бірін таңдап, оның не үшін қажет екенін айтады.
Тапсырма: Берілген суреттер бойынша артық затты табу, не үшін артық екенін түсіндіру.
Музыкалық сауаттылық: Қоңырау – шулы аспап. Оны сілкіп ойнайды.
(Ұ) Музыка тыңдау «Қоңырау» А. Меңжанова қайырмасының әуені қоңырау аспабымен сілкіп ойналып, ән қайырмасында дыбыс биіктігіне көңіл аударылады.
Сабақтың соңы
Рефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ салынған суреттер арқылы бағалау.
Сабақ соңында оқушылар шеңберге тұрып, қимыл - қозғалыс жасайды - солға адымдау, оңға адымдау, 3 рет шапалақтау, пауза (төртке дейін санау) және басынан қайталау.
Жерұйық негізгі мектебінің музыка пәні мұғалімі
Калкешева Маншук Серикбаевна
Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
Мен және менің мектебім
Сабақтың тақырыбы: Мен және менің мектебім
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз715 қаралым
#музыкадан сабақ жоспары#мен және менің мектебім
Ұсынылады
Зейнеп Ахметова Мақпал Жүнісоваға ренішін білдірді: Желі қолданушылары не дейді?
Белгілі қоғам қайраткері Зейнеп Ахметова әнші Мақпал Жүнісоваға деген көңілін айтты. Желідегілердің пікірі қандай?
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 5 ақпан
Димаш Құдайберген: Махаббат бер маған Скачать Минус Текст
Димаш Құдайберген: Махаббат бер маған Скачать Минус Текст Dimash Kudaibergen Mahabbat ber magan Download 迪玛希
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 30 мамыр
Adam - Жүрек скачать Минус Текст Zhurek
Adam Жүрек скачать Минус Текст песни Zhurek Адам Жүктеу Ән сөзі Журек Скачать
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 30 мамыр
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

