Ұран
Жас жанымды жаралама, есірткіге жолама.
Денсаулығың саған керек өз - өзіңді тонама.
Мен өмірді қалаймын
Халықпыз біз бүкіл әлем жақтаған,
Татулықпен ел бірлігін сақтаған.
Салауатты өмір сүріп, мәңгілік,
Қазағымның салт - дәстүрін мақтаған.
Жетеді әлі қасіреті ғаламның,
Қас жауы бар есірткідей адамның.
Қаптамасын алқабында сорасы,
Кең жазира менің алтын даламның.
Есірткінің не екенін білеміз,
Не болса да одан алыс жүреміз.
Қазақ деген ата жолын ұстаған
Ұлы елміз, бақытты елміз, нұр елміз.
Ақын болсам деймін елім таныған,
Жарылатын ел дегенде ағынан.
Салауатты өмір сүрсек достарым,
Ел боламыз ырыс пен құт дарыған.
Ашық қылсын жалғыз алла аспанын,
Аман - етсін еліміздің жастарын.
Таза жүрсе, аман жүрсе, сау жүрсе,
Бұл өмірде керегі не басқаның.
Бақытты өтіп оқушылық өмірім,
Өлең жазып, жадырайды көңілім.
Мен де ертең мектебімді бітіріп,
Көркейтемін Қазалымның өңірін.
Мен оқимын өлеңдерін Абайдың,
Өнегенің көзі ғой деп санаймын.
Жиренемін әркез жаман әдеттен,
Қашанда да мен өмірді қалаймын.
Қымыз бенен шұбат ішкен халықпыз,
Сондықтан да биікпіз біз, алыппыз.
Бабалардың елін жаудан қорғаумен,
Хандық құрған ерлігіне қанықпыз.
Мен өмірді қалаймын
Жас жанымды жаралама, есірткіге жолама.
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз554 қаралым
#денсаулық#нашақорлық#қасірет#мен өмірді қалаймын#есірткіге жолама
Ұсынылады
Ұлы Жеңіске мың тағзым!
Жеңіс күні - еліміз үшін орны ерекше мереке. Нағыз ұлтшылдықты оятатын, рухани сезім беретін, тарихымызды ескеріп, сол жеңісті сыйлаған ардагерге бас иетін жеңісті күн. Әлемді дүр сілкіндірген Ұлы ...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ұлы Жеңіске мың тағзым!
Жеңіс күні - еліміз үшін орны ерекше мереке. Нағыз ұлтшылдықты оятатын, рухани сезім беретін, тарихымызды ескеріп, сол жеңісті сыйлаған ардагерге бас иетін жеңісті күн. Әлемді дүр сілкіндірген Ұлы ...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Шалқан ертегісі
<!--/sizestart-->Шалқан ертегісі<!--sizeend-->
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

