Тақырыбы: Менің кішкентай көмекшілерім
Білім беру саласы: Таным. Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Айналаны қоршаған орта. Жапсыру. Тіл дамыту.
Мақсаты:
1. Балаларды көз құлақ мұрын тіспен таныстыра отырып дене мүшелері туралы білімдерін жетілдіру.
2. Дене мүшелерінің адам өміріндегі маңызды орны туралы түсіндіре келе, оларды күтудің жолдарын үйрету.
3. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, ұқыптылыққа, тазалыққа баулу.
1. Үй тапсырмасы.
Тақырыбы: «Күн, ауа және су – біздің достарымыз»
Жаңа сабақ.
Мотивациялық қозғаушы
Тәрбиеші балаларды жылы жүзбен қарсы алып, шаттық шеңберіне тұрғызады.
Сәттілік тілеп сабақты бастайды.
Ұйымдастырушылық - ізденушілік
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінде неше ай?
Суретпен жұмыс
- Балалар, енді мына суретке назар аударайық. Суретте не бейнеленген? Қане, кім әңгімелеп береді?
- Дұрыс айтасың, Гүлназ. Суретте дене мүшелері, яғни бас, көз, құлақ, қол, аяқ, мұрын, ауыз бейнеленген. Біз бүгінгі сабақта көру, есту, тыныс алу және сезу мүшелері туралы әңгімелесеміз. Құлақ, көз, мұрын, ауыз адамның қоршаған ортаны танып - білуіне көмектесетіндігін айтады.
- Ал, енді балалар сезім мүшелері туралы кім тақпақ айта алады?
Тәрбиеші көздің суретін көрсетіп, балалардан сұрайды:
- Мына суреттен не көріп тұрсыңдар? - Дұрыс айтасыңдар, балалар.
Бұл көз. Көз - көру мүшесі. Адам өміріндегі барлық жаңалықтар көздің көмегімен қабылданады.
- Құлақтың муляжын көрсетіп, құлақ туралы әңгімелейді.
- Бұл не?,- деп балаларға сұрақ қояды.
- Адамда неше құлақ болады?
- Ал енді балалар,
құлақтарыңның қалай еститінін мына тәжірибе арқылы анықтайық. Дабылды тарсылдатады.
- Қандай дыбыс естідіңдер, балалар?
- Енді екі қолдарыңмен құлақтарыңды жабыңдар.
- Мен дабылды тарсылдатайын. Дыбыс естілді ме, балалар сендерге?
Мұрынның суретін көрсетіп, әңгімелеу.
- Мұрын иіс сезу мүше
Өткізген: Жақсыбаева М. Ә.
Менің кішкентай көмекшілерім жүктеу
Менің кішкентай көмекшілерім
Тақырыбы: Менің кішкентай көмекшілерім
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз519 қаралым
#көз#мұрын#құлақ#ауыз#дене мүшелері#дүниетану пәні бойынша ашық сабақ
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

