Менің құқықтық кеңістігім
Мақсаты: Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершілікті арттыру. Қазақстан Республикасы Конституциясын және құқықтық нормативтік актілерді орындап, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу, ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау.
Түрі: тренинг сабақ
Көрнекілігі: слайдтар, постерлер, суреттер
Барысы.
Ұйымдастыру.
Оқушылармен сәлемдесіп, топтарға бөлу.
Мұғалім сөзі: Қазіргі уақытта оқушыларға құқықтық тәрбие беру өте қажет. Ол оқушылардың ой – өрісін кеңейтіп, ойлау қабілеттерін дамытады, өз пікірін айтуға, тұжырым жасауға үйретңп, патриоттық тәрбие береді.
Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білу керек. Сондай – ақ заң адамдарға міндеттер жүктейді. Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы, олардың өміріне, денсаулығына, ар – намысына қол сұқпауы.
Негізгі бөлім:
Ойын «Әділдік өлшемі»
Мұғалім сөзі: Құқық дегеніміз не? Мемлекетте қолданылатын барлық құқықтық нормалардың: құқықтық ғұрыптардың, әділеттілік үлгілердің, мемлекеттің құқықтық ережелерінің жиынтығы болып табылады.
Құқықтың құпиялығы сонда, біз оны қолымызбен ұстап, көзімізбен көре алмаймыз. Біз тек қана «мен құқылымын», «мен міндеттімін» айта аламыз. Сондықтанда әр қайысымыз өз құқығымыз бен міндетімізді біліп, оны сақтап қорғай білуіміз керек.
Миға шабуыл
Жеке адамның құқығы дегеніміз не?
Құқықтың қандай түрлері бар?
Адам құқығы қай уақыттан пайда болады?
Оларды орындау үшін не қажет?
Адамның негізгі құқығы.
Бізге құқықпен бірге бостандық беріледі. Бостандық деген не?
Адам құқықтары мен бостандықтары туралы Декларацияны қандай ұйым қабылдады?
БҰҰ – ның мақсаты не?
Бала болып кімдер саналады?
Құқық туралы заңдарды қандай орган шығарады?
Т. Жүргенов атындағы № 123 орта мектептің
ағылшын тілі пәні мұғалімі Гүлжанат Әлиева Қуандыққызы
Толық нұсқасын жүктеу
Менің құқықтық кеңістігім
Менің құқықтық кеңістігім
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз747 қаралым
#менің құқығым қандай#бала құқығы туралы конвенция тәрбие сағаты#тәрбие сағаты құқықтық сауаттылық
Ұсынылады
25 қазан Республика күні слайд, презентация
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының өзіндік тарихы, мәдениеті, рәміздері бар тәуелсіз ел екенін түсіндіріп, ұлттық патриотизм рухында тәрбиелеу.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Адалдық жүрген жерде - адамдық жүреді пікірлесу сағаты
«Адалдық жүрген жерде - адамдық жүреді» пікірлесу сағаты
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
1 - қазан Қарттар күніне арналған тәрбие сағаты: Қарттарым асыл қазынам
«Қарттарым асыл қазынам»
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

