Атақты футболшы Лионель Месси Аргентинаға келіп, ұзаққа созылған аурудан кейін 68 жасында қайтыс болған әкесі Хорхе Мессимен қоштасу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Аргентиналық Clarín порталының хабарлауынша, рәсімнен кейін Месси отбасымен бірге қауіпсіздік шаралары күшейтілген зират аумағынан шыққан. Футболшы жақындарымен бірге рәсімге келген жеке ұшақ жолаушыларсыз Майамиге қайтып ұшқан.
Мессидің Аргентинада қанша уақыт болатыны әзірге белгісіз. Алайда басылымның мәліметінше, футболшы әкесімен қоштасу кезінде отбасының жеке өміріне қол сұғылған деп санап, аргентиналық бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты заңды шаралар қолдануды жоспарлап отыр.
Аргентиналық журналист Фран Касаретто: «Месси Хорхе Мессимен қоштасу кезінде отбасының жеке өміріне қол сұққан аргентиналық БАҚ-қа қарсы заңды әрекет жасайтынын растады», — деп мәлімдеді.


