Лионель Месси Халықаралық спорт баспасөзі қауымдастығының (AIPS) нұсқасы бойынша әлем чемпионатының үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды infohub.kz.

Сауалнамаға 121 елден 472 журналист қатысқан. 39 жастағы аргентиналық футболшы 1179 ұпай жинап, француз Килиан Мбаппені (717 ұпай) және ағылшын Джуд Беллингемді (470 ұпай) басып озды.

Әлем чемпионатында Месси 8 гол соғып, 10 гол соққан Мбаппеден кейін екінші орын алды.

2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Испания құрамасы Аргентинаны 1:0 есебімен жеңді. Негізгі уақыт 0:0 есебімен тең аяқталып, екінші қосымша таймда «Барселонаның» 26 жастағы шабуылшысы Ферран Торрес жалғыз гол соқты.